SABAQ.ONLINE

ІТ саласы туралы білесің бе?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ІТ мамандары тек елімізге ғана емес, әлем бойынша жетіспейді. Ең актуалды мамандық иелеріне инновация мен технология дамыған сайын сұраныста арта түсері сөзсіз.  Сұранысқа ие мамандықтарды ұсынамыз:

  1. Data Analyst – деректермен жұмыс істейтін маман. Олар деректерді жинап, өңдейді, зерттейді. Көбінесе, бұл маман иелері бизнесте, ғылыми салаларда, менеджментте шешім қабылдауда айрықша рөлге ие.
  2. Web Developer – қолданбаларды жасайтын маман иелері. Бұл әртүрлі веб-сайттар, интернет-дүкендер, әлеуметтік желілер, іздеу жүйелері, билеттерді брондау немесе тауарларға/қызметтерге тапсырыс беру қызметтері, онлайн калькуляторлар, жедел хабаршылар, видеохостингтер болуы мүмкін.
  3. Cybersecurity Analyst - ақпарат/киберқауіпсіздік пандемиядан кейінгі дәуірдегі ең танымал IT мансаптардың біріне айналуда. Соңғы жылдары мыңдаған компания жұмысын онлайн режиміне ауыстырды және қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуде. Адамдар тауарларды жиі сатып алады, Интернетте қызметтерге тапсырыс бере бастады. Бұл тенденциялардың барлығы киберқылмыстың дамуы үшін қолайлы негіз болды. Ақпараттық қауіпсіздік талдаушылары жеке және корпоративтік деректерді желідегі хакерлік шабуылдардан қорғауға көмектеседі.
  4. Python Developer - Python программисті өз дағдыларын қолданудың көптеген жолдарын таба алады. Клиент-сервер қосымшаларын, микросервистерді, веб-сайттарды жасаудан бастап бағдарламалық өнімдерді, ойындарды, лездік хабаршылар мен әлеуметтік желілерге арналған боттарды әзірлеуге дейін. Сонымен қатар, бұл тіл машиналық оқыту, деректерді талдау, DevOps сияқты өзекті салаларда қолданылады.

IT саласында білім алатын студенттерге Astana Hub – ең үздік орталардың бірі. Бұл IT-стартаптардың халықаралық технопаркі. Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуына жағдай жасалған.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді