SABAQ.ONLINE

Жаңа жыл - жаңа қадамдар

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Міне, Жаңа жылдың есігімізден аттап кіруіне аз уақыт қалды. Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктердің қақпасы. Жаңа жыл - бұл ерекше уақыт. Ерекшелігі, миллиондаған адамдар өзгерістерді, жаңартуларды және кешегі күнмен салыстырғанда өмір сапасының жақсаруын күтуде. Осы кезде әлем бір-біріне жақсы тілектер мен жақсы ниеттерге толы. Жаңа жыл алға мықты мақсаттар мен жоспарларды құратын кезең. Ал, түлектер, сіздер үшін бұл процесс әлдеқайда маңызды. Болашаққа қалай дұрыс мақсат-жоспарлар құру керек?

  1. Мақсаттарыңыз айқын болсын. Ол нақты өлшем бірліктерімен тұжырымдалу керек. Мысалға, «Мен ҰБТ-дан 125 балл аламын», «Мен 10 күнде дайындықты күшейтіп, таңдау пәнімнен баллымды +5ке көтеремін» сынды болса, абзалырақ.
  2. Мақсаттарды жазу керек. Иә, санамызда да мақсат құра аламыз. Бірақ, қағазға жазған мақсат эффективті түрде орындалады.
  3. Жаңа жылға арналған мақсаттар тізімін оларды үнемі көретін жерде сақтаңыз. Қысқа мерзімді мақсаттарыңызды жазып, оларды күнделікті көретін бөлмеге іліп қойсаңыз болады. Немесе тізімді суретке түсіріп, оны компьютер экраны немесе смартфонның тұсқағазы ретінде орналастырыңыз.

Бәріміз білетіндей, Қаңтар ҰБТ-сы да жақындап қалды. Түлектердің дайындықты күшейтетін уақыты десек те болады. Осы жылда сіздер үшін ең үлкен мақсат – жоғары балл мен грант. Уақыт өте келе, мақсаттарыңыз орындалып жатқанын көрсеңіз, өзіңізге сыйлық жасаңыз. Бұл жауапкершілік пен мотивацияны арттырады.

Тілек, арман, жоспар! Осы жаңа жылдық уақытты жақсарту және жаһандық мақсаттарыңызды бастау үшін пайдаланыңыз. Іске сәт!

 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді