SABAQ.ONLINE

Жатақхана беру тәртібі өзгерді

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Жатақхана енді бәріне берілмейді. Иә, елімізде жатақхана бөлу туралы жаңа қағида пайда болды. 

Студенттерге жатақханадан орын беру жұмыстарын оқу орнының конкурстық комиссиясы жүзеге асырады. Бос орындардың бар немесе жоқты туралы ақпарат білім ордасының ресми сайтында ай сайын жарияланып отырады. Жатақханадан орын алу туралы өтініштер оқу орнының өзінде немесе www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады.

Конкурстық комиссия жатақхана орындарын белігленген тәртіппен мына санаттағы азаматтарға басымдық бере отырып бөледі:

 1. мүгедектер, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек адамдар;

2. кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар санатындағылар, жеңілдіктері бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары, сондай-ақ қандастар;

3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін – 2050») жобасы аясында білім алып жатқан студенттер;

4. бірінші курста оқитын «Алтын белгі» иегерлері, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы немесе жүлдегері атанғанын растайтын сертификаты бар студенттер, сондай-ақ оқуды үздік тәмамдаған растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар талапкерлер;

5. ҰБТ немесе кешенді тестілеу, оқу пәндері бойынша түсу емтихандарының немесе білім беру ұйымы өткізген тестілеу нысанындағы емтихандардың нәтижесіне сай жоғары бал жинаған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа қабылданған студенттер, деп Inform.kz сайтында жарияланды.

Ресми ақпараттарға сүйене отырып жоғары балл тек оқуға түсу үшін ғана емес, жатақханада тұру үшін де басым рөлге ие болды деп айта аламыз. Ендеше, түлектер, барынша дайындықты күшейтіп, ҰБТ-дан жоғары балл жинайық!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді