SABAQ.ONLINE

ҰБТ алдында не істеу керек?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Қаңтар ҰБТ-на аздаған уақыттар қалғаны мәлім. Ақылы оқуға түсуге арналса да, бұл кезеңнің маңызы зор. Ғалымдардың пікірінше, емтихан алдында не істеу керек деген сұраққа жауап берейік.

  1. Емтихан алдында ұйқыны жақсылап қандыру керек. Емтихан алдында түні бойы дайындалу керемет эффекттер бермейді.
  2. Бостон университетінің Медицина мектебінің ғалымдары емтихан алдында таңғы асқа омлет жеуді ұсынады. Өйткені жұмыртқа құрамында В дәрумені, холин көп. Зерттеулерге сәйкес, бұл дәрумендер есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың қартаюын баяулатады.
  3. Американдық тағам және диетология академиясы сұлыдан бас тартпау керек дейді. Тұтас дәнді дақылдарда баяу көмірсулар мен пайдалы микроэлементтер бар, олар миға емтиханның соңына дейін энергия береді.
  4. Су көп ішу керек. Зерттеулерге сүйенсек, су көп ішкен оқушылар басқалардан 10 пайызға жақсы тапсырады.
  5. АҚШ-тың Солтүстік Аризона университетінің айтуынша, құрамында 60% какао бар шоколадты қабылдаса,  концентрацияның арта түседі.
  6. Медитация жасау керек. Бұд миды артық шудан қорғайды.
  7. Сағыз шайнау керек. Бұл мидың жақсы істеуіне көмек береді.
Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді