SABAQ.ONLINE

ТОП 5 САЙТ

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

10,11-сынып оқушыларына мамандық таңдау, дайындық жолдары, лайфхактар сынды тақырып қызығырақ. Бірақ олар Интернеттен өздеріне нақты керек ақпаратты таба алмайды. Әрине, біздің блог бөлімінен басқа, түлектерге оқуға кеңес беретін ТОП-5 сайтты ұсынамыз:

1. Смартия

Бұл сайт мамандық түрлерімен танысуға көмектеседі. Мақалалар, кәсіптік бағдарлау сынақтары, әртүрлі мамандармен интервью және оқулықтар мен жаттығулар бар. Сервис сізге жаңа мамандықтарды танып-білуге мүмкіндік береді. Сайт жаңа нәрсені үйреніп, шешім қабылдауды үйренгісі келетіндерге арналған. 

2. Лекторий Физтеха

Бұл сайтта лекциялар мен семинарлар, түрлі қызықты бейнематериалдар бар. Олар бөлімдер, курстар, түсіру жылдары бойынша сұрыпталады. Техникалық пәндер бойынша білімін арттырғысы келетін адамдар үшін арналған. 

3. Newочем

Ресурста денсаулық, тарих, ғарыш, мәдение сынды әртүрлі тақырыптағы авторлық аудармалар мен жаңалықтар бар. Әлемнің түрлі авторларының мақалалары орысшаға аударылған. 

4. LendWings

 Russian e-Learning -  веб-меңгеру, веб-сайттар мен қосымшалар дизайнын әзірлеу, қарым-қатынас психологиясы, фотосурет және жеке даму тақырыптары бойынша 6 үздік курстарын оқуға мүмкіндік береді.

5. Нетология

Интернеттегі жарнаманы және жобаны басқаруды онлайн режимінде үйрететін платформа. Пайдаланушылар жылдам оқу үшін ашық сабақтарға, онлайн қарқынды және интерактивті курстарға қол жеткізе алады. Сервис келесі пәндер бойынша курстарды ұсынады: аналитика, бағдарламалау, дизайн, маркетинг, MBA және т.б.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді