SABAQ.ONLINE

Пайдалы кинолар бар ма?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Уақыт көзді ашып-жұмғынша өтеді. Дәл қазіргі уақыт ҰБТ-ға дайындықты бастайтын кезең. Бірақ бұл өте қиын, стресс пен апатияның жиі болатын уақыты. Осы сәтте сендер үшін демалу да маңызды. Назарларыңа оқуға деген ынтаны ашатын бірнеше фильмдерді ұсынамыз:

1) «Қауіпті ақыл» (АҚШ, 1995) - теңіз корпусының элиталық бөлімшесінен кеткеннен кейін Лу - Энн Джонсон колледжде ағылшын тілі мұғалімі болады. Лу-Энн түскен сыныптың майдан даласынан еш айырмашылығы жоқ, ал студенттер де содырларға ұқсап кеткен. Ұстаздың шабуылға шығудан басқа амалы қалмады...

2) «Хокинг» (Ұлыбритания, 2004) - Стивен Хокинг – ғылымға үлкен үлес қосқан аты аңызға айналған астрофизик. Бала кезінен ол физика мен математикаға ессіз ғашық болып, жыл сайын білімін кеңейте берді. Жиырма бір жасында Стивенге қорқынышты диагноз қойылды - амиотрофиялық бүйірлік склероз. Бұл емделмейтін ауру болса да Хокинг берілмеді...

3) «Еркіндік жазушылары» (Германия, АҚШ, 2006) -  жас мұғалім тіл табуы қиын төбелесшілер мен бұзақы оқушыларға сабақ береді. Олар түзелмейтін сияқты көрінеді, бірақ олар аз ғана түсіністік пен қолдауды қажет етеді.

4) «Профессордың сүйікті теңдеуі» (Жапония, 2006) -  10 жыл бұрын жол апатына ұшыраған мейірімді профессор туралы баяндайды, содан кейін оқиғалар оның жадында 80 минуттан аспайтын уақытқа дейін сақтала бастады. Оның өмірінде екі адам пайда болады: үй қызметшісі және оның он жасар ұлы Рут. Уақыт өте келе олар сандар мен теңдеулердің фантастикалық әлемін зерттей бастайды.

5) «Алмастырушы мұғалім» (АҚШ, 2011) – Мектепке оқушылар білім үшін емес, уақыт өткізу үшін келеді. Бұл балалар кімге керек? Ешкімге, тіпті өз ата-аналарына да, мұғалімдер оларды оқытуға тырысады, бірақ балалармен жұмыс жасау өте қиын. Олармен алмастырушы мұғалім Генри Барт жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Жазды пайдалы өткізейік! 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді