SABAQ.ONLINE

Отандық тарихи кинотуындылар

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Өткен блогта тарихи кинотуындылар туралы жаздық. Сол кинолардың жалғасын назарыңа ұсынамыз: 

1. "Абай жолы" телехикаясы М.Әуезовтың роман-эпопеясы желісімен жазылған. Бұл сериалда Абай дәуірі мен жазушының осы еңбекті жазу кезеңі бейнеленген. Сериал 6 бөлімнен тұрады. 

2. "Ахмет. Ұлт ұстазы" - 2021 жылы көрерменге жол тартқан 6 бөлімнен тұратын телехикая. Сериалда аты айтып тұрғандай, Алаш ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолы баяндалады. Алаш қозғаласы, Міржақып, Әлихан - алаш ардақтыларымен сабақтастық суреттелген. 

3. "Мағжан. Мен жастарға сенемін" телехикаясы жуырда ғана телеарнада жарық көрді. 4 бөлімді телехикаяда ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы бейнеленеді. Оның Алаш жолында жасаған ерен еңбегі насихатталды. 

4. "Қаныш. Қазына" - тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев туралы таспаланған шығарма. Бұл телехикаяда Қаныштың бала шағынан ғылым жолына дейінгі өмірбаяны қамтылған. Сонымен қатар, 6 бөлімдік туындыда Қаныш өмір сүрген замандағы халықтың арман-мақсаты, ел мүддесі көрініс табады. 

5. "Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін" - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы таспаланған телехикая. 4 бөлімді туындыда мұзбалақ ақынның бар болмысы ашылды десек те, қателеспейміз. 

6. "Дина. Күй құдірет" тарихи драмасы да көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл туындыда ақын Дина Нұрпейісованың өнегелі өмір жолы туралы сыр шертеді. 2 бөлімдік телехикаяда сол ғасырдың бар бейнесі сипатталған. 

7. "Тәшенов. Тайталас" телехикаясы - зұлмат заманның қиындығына қарамат ел мүддесі үшін еңбек еткен, шекараны сақтап қалған Жұмабек Тәшенов туралы. Телехикая 4 бөлімнен тұрады. 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді