SABAQ.ONLINE

Оқушылармен 24/7 байланыстамыз

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Sabaq.online  платформасында оқушылармен 24/7 байланыс жасайтын мамандар бар. Біз оларды кураторлар деп білеміз. Биология пәнінің кураторы Қожахметова Аружан өз міндеті туралы айтып берді. 

- SO-да куратордың негізгі міндеттері қандай?

- SO-да куратордың негізгі міндеті - оқушымен әр уақытта кері байланыста болу. Біз онлайн форматта білім бергендіктен оқушыларымыздың сұрақтарына уақытылы жауап беру керекпіз. Сондай-ақ, оларға ұғынықты түрде түсіндіру де қажет. Әр оқушымен жеке жұмыс жасап, олардың оқуға деген құштарлығын ашу үшін барлығын істейміз. 

- Қалай ойлайсыз, біздің курстың басқалардан қандай артықшылығы бар?

-  Біріншіден, SO мұғалімдері - өте білікті мамандар. Олар оқушыларымызды нағыз ҰБТ-да келетін тақырыптар бойынша түрлі материалдар, методикалармен дайындайды. Екіншіден, SO курсында пән кураторы және жеке кураторлар жұмыс істейді. Олар әр оқушымен кері байланыста отырады. Сонымен қатар, SO онлайн плафторма болғандықтан, оқушыларға білім алу өте қолайлы. Олар дайын видеосабақтарды кез-келген сәтте көре алады, тіпті, ұмытып қалған тақырыптарды қайталай алады. Оқушыларға өткен тақырыпты бекітетін тапсырмалар ғана берілмей, әр күн сайын пән кураторымен эфир өткізіледі.

- Кураторы бар оқушы мен кураторы жоқ оқушыда қандай айырмашалықтар болады?

- Кураторлар оқушылардың сабақ көргенін, тапсырма орындағанын бақылайды. Егер оқушы кураторсыз дайындалса, ол кіммен кері байланыс жасарын білмейді. Яғни, өзін толғандырып жүрген сауалдары мен академиялық сұрақтарына жауап таппауы мүмкін. Сонымен қатар, кураторлар жиі  мотивациялық эфирлер өткізеді. Олар әр оқушымен сырласып, ақылын айтады. Сондықтан куратор оқушы үшін өте қажет.

Аружан Талғатқызы -  жауапкершілігі мол кураторлардың бірі. Ол оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста. Ендеше досым, кураторлардың бақылауында болып, Sabaq.online-мен бірге дайындалып, грант ұтып ал!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді