Логикалық қабілетті арттырам десең, ең алдымен жалқаулықтан арылу қажет. Ақыл-ойды жаттықтырудың көптеген жолдары бар. Солардың бірнешесін назарыңа ұсынамыз:
1. Үстел ойындары дәл осы қабілетті дамытуға үлкен әсер етеді. Шахмат, дойбы, нарды, «Монополия», «Эрудит» сынды ойындарды ойнауға болады.
2. Логикалық тапсырмаларды көп шешу қажет. Математикалық сауаттылығынан есеп шығаруды не болмаса ребустар шешуді әдетке айналдырған жөн.
3. Оң қолыңызбен жазуды үйреніңіз. Әрине, тек солақай болсаңыз. Мидың жарты шарының дағдыларын дамытады.
4. Жұмыс түрін жылдам өзгерту адаптивті ойлау дағдыларын жеделдетуге көмектеседі.
5. Көп серуендеңіз. Күнделікті таза ауада серуендеу логиканы ғана емес, ойлаудың барлық басқа түрлерін де жақсарта алады.