SABAQ.ONLINE

Әлі күнге дейін мамандық таңдай алмай жүрсің бе?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Достар, мамандық таңдауда қателесуге болмайды. Өйткені, бұл сендердің өмір бойы айналысатын жұмыстарың. Мамандық жанның қалауы болуы керек. Көп оқушылардың жіберетін ортақ қателігі бар. Әрине, бұл грант үшін білмейтін бір мамандыққа түсе салу. Достар, ең алдымен нақты қай мамандықты таңдағандарыңды шешіп алыңдар. Осылай мақсат құрып, еңбек етсеңдер, грант сендердікі.

Ең алдымен, өз қабілеттеріңе сәйкес мамандықты таңдауға тырыс. Осы мамандықпен болашағыңды байланыстырып көр. Сол туралы іздең, интернетте ақпараттар толып тұр. Сен таңдағаң мамандық болашақта жойылып кетпей ме, орташа айлығы қандай, жұмыс табу оңай ма, бәрін зертте. Тиісінше, мамандығыңа сәйкес келетін пәндерді таңдап, ҰБТ-ға дайындықты баста. Айтпақшы, достар, сен таңдаған мамандықты қай университте оқытады, шекті балл қанша, былтыр қанша баллмен грантқа түсті. Осы сұрақтарға жауап тауып, мақсат құру керек. Мамандық таңдаудан қателеспей, болашақ өміріңнің бір кірпішін дұрыс қала!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді