SABAQ.ONLINE

Мамандық таңдаудан қателеспе

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Менің таныстарымның көп бөлігі мамандық таңдаудан қателескен. Олардың бірі универде оқып жүргенде, ал енді бірі диплом алғанда ғана мамандығы ұнамайтынын білген. Өкінішке қарай, бұл проблема тек менің ортамда ғана емес.

Елімізде 40% адам өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді екен. Бұл процентке кірмес үшін, яғни мамандық таңдаудан қателеспеу үшін не істеу керек? 

✅ Ең бірінші ұнайтын мамандық түрлерін анықта. Бойындағы қабілеттерің сай келетін топ 5 мамандықты таңдап ал. 

✅ Оларды толық зертте. Оқуы, жалақысы, болашағы - бәрі маңызды. 

✅ Критерийлер бойынша ең сұранысқа ие және саған қатты ұнайды деген мамандықты таңда.

Бәрінен бұрын жан қалауы маңыздырақ. “Мамамдық” емес, нақты ұнайтын мамандық таңдаған дұрыс. 

Кейбір ата-ана балалары үшін бәрін шешеді. Әрине, олар баласының болашағы үшін алаңдайды. Кейде өздері армандап, оқи алмаған мамандықты баласы оқығанын қалайды. Бұл дұрыс емес.

Әркім өзіне ұнайтын, сол сферада болашағын көре алатын мамандықты таңдаған жөн. Бірақ таңдаудан қателескенде әрдайым жаңа шешім жасауға болады.

 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді