SABAQ.ONLINE

Доктор Стрэндж: Біздің әлемде

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Доктор Стрэндж  – Marvel Comics шығарған американдық комикстерде кездесетін супер қаһарман. Ол Марвел әлемінің бас кейіпкерлерінің бірі. Оның қызметі - Жерді мистикалық қауіптерден құтқару. Білесіңдер ме, Доктор Стрэндждің бір топ өкілі біздің әлемде де бар. Бірақ ол топ адамдарды түрлі аурулардан құтқарады.

Дәрігер мамандығы, үлкендердің айтуынша, өлмейтін мамандық. Расымен, бұл мамандық сұраныста мәңгі болатыны сөзсіз. Өкінішке орай, біздің елде денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюджет көп емес, бірақ cоған қарамастан сұраныс өте жоғары. Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы – 151470 теңгені құрайды. Бұл мамандық иелері ШҚО, Алматы, Астана, Павлодар сынды аймақтарда жеткіліксіз.

Дәрігер маманы болу үшін ҰБТ-дан биология, химия пәндерін тапсырады. Мысалға, биыл «Жалпы медицина» мамандығына 1375 грант бөлінген. Ең жоғарғы балл 140, ал арнайы квота бойынша ең төменгі балл 98. Одан бөлек, медицинаның басқа салаларына да көп грант бөлінген. Бірақ, стоматологияға небәрі 18 грант бөлінген.  

Мамандықтың өзекті салалары:

Терапевт → әмбебап дәрігер: ол науқастарды тексереді, диагноз қояды және қажет болған жағдайда басқа дәрігерге жібереді.

Гинеколог → әйелдерді босануға акушер-гинекологтар қатысады, оларды тексереді әрі емдейді.

Онколог → ісіктің алдын алу және емдеумен айналысады.

Педиатр → балалар дәрігері.

Стоматолог → тістерді, жақтарды және жақ-бет аймағының басқа мүшелерін емдейді.

Фармацевт → дәрілік заттарды зерттейді, әзірлейді, сынақтан өткізеді.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді