SABAQ.ONLINE

Мотивация = мақсат

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Белігілі бір істі жасаудан бұрын оны бастау әлдеқайда қиынырақ. Кез келген затты жасау үшін үлкен мотивация керек. Қазір ҰБТ кезеңінде сендерге де мотивация аса қажет. 

Мотивацияны қайдан алсақ болады? Әлеуметтік желілерде салынған түрлі видеоларды көруге болады. Көбінесе, ҰБТ-дан жоғары балл алып, мақсатына жеткен адамдар видеолар салады. Өз қателіктерін, дайындық барысын, жетістікке қалай жеткенін айту арқылы бізге мотивация бере алады. «Адамның жасағанын адам жасайды» деген ұстаным болу керек.

Болашақты елестетіп көр. Қазір берілмесең, күнделікті дайындалсаң, болашағың қандай болады? ҰБТ-дан өз қалауыңдағы баллды алсаң, грантқа өтсең, не сезінесің...қандай эмоциялар болады? Бәрін ойлап көр...

Көп оқушылар жасайтын қателік – дайындықты бастауды кеш деп түсіну. Өте қате пікір. Дайындықты бүгін не ертең бастасаң да кеш болмайды. Ең бастысы – бастау.

Өзім ҰБТ-ға дайындалғанда арманымдағы университет пен баллды қағазға жазып, көзге көрінетін жерлерге іліп қойдым. Сөйтіп, оларға әркез қараған сайын мотивация арта берді.

Өзіңнің таңдаған жолмен жүретін орта тап. Сонда, күнделікті олармен сөйлесу арқылы, дайындалған кезеңдерде күш-жігер арта түседі. Бәсекелестіктің болуы да болашаққа жетелейді.

Ата-анаңның үмітін ақтауға деген ұмтылыс - негізгі факторлардың бірі. Ең бастысы, өзіне деген және болашаққа деген сенімді жоғалтпау керек. Сәттілік!

 

 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді