SABAQ.ONLINE

Мотивациям өшіп қалды...

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ - үлкен сынақ. Ертеңгі болашағың, яғни, мамандығың, жоғары оқу орны, білім алатын қала сынды дүниелерге ықпал етеді. Әрине, біз "ҰБТ-дан құлсасаң, өмір сонымен аяқталады" indecision деп айта алмаймыз. Өйткені, ол олай емес. Яғни, ҰБТ өміріңді 100 процент өзгертпейді.  Дегенмен, көптеген факторларға, өзгерістерге, мүмкіндіктерге әсер етері сөзсіз. Бұл деген егер тесттен жоғары балл жинасаң, қалаған оқу орнында, қалаған мамандықта білім аласың. Ойлашы, ата-анаңның қалтасында 4 миллионнан аса ақша қалады. Ең бастысы сен өз қалауыңа, өз мақсатыңа жетесің. Ал бұл сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. 

Әрине, ҰБТ-дан жоғары балл алу, грантқа түсу - оңай дүние емес. Әсіресе, жыл бойы дайындалып жүріп, Наурыз ҰБТ-нан өз қалаған балыңды жинай алмасаң, бұл сенің мотивацияңды бірден өшіреді. Онсыз да қиналып оқып жүрген сен ендігі кезекте кітап бетін ашқың да келмейді.

Біз неге бір істі кейінгі қалдыра береміз?  Өйткені, мотивтерің, қызығушылықтарың жоқ, проритеттерің дұрыс қойылмаған. Ал, олардан құтылудың оңай жолы бар ма?

1. "Кнут и пряник" тәсілі арқылы мотивацияны ашуға болады. Яғни, сен ҰБТ-ны сәтті тапсырсаң не болады? Ата-анаң қуанады, грантқа түсесің, қалаған маман иесі боласың, ұстаздар үмітің ақтайсың, университте степендия аласың, т.б. Ал, ҰБТ-дан аз балл жинасаң, ата-анаң мұнаяды, еңбегің текке кетеді, миллиондаған ақша керек болады, тегін оқымайсың, степендия алмайсың, т.б. Осылай тізім құрып, жалғыстырып көр. Мотивацияң бірде ашылып кетеді.

2. Қызықтан баста. Ең қиын, күрделі деген пәннің өзінде қызықты тақырыптар болады. Пәннің атмосферасына кіру үшін қызыға оқу керек. Тіпті, интернеттен ізденуге болады. Мысалы, "интегралдар туралы қызықты ақпараттар", "комикстегі экономика", "функциялар магиясы" сынды түрлі күшті ақпараттар табуға болады. Ізденген адамға бәрі бар! enlightened

3. Білім алу процесі мен спортты біріктір. Мидың жақсы жұмыс істеуі үшін көп қимылдау қажет. Оған мынандай қызықты бір жаттығу бар. Алдымен, бір тақырыпты оқып аласың. Сосын күнделікті жасайтын жаттығуыңды орындайсың. Осы процесте тақырыпты еске түсіріп, мазмұндап айту керек. Бұл есте ұзаққа сақталары сөзсіз. 

Құрметті оқырмандарым, SO-шниктарым, осы бір үлкен сынақ жуырда өз мәресіне жетеді. Абыроймен аяқтап, мақсатыңа жету үшін күніңді текке құртпа. Мен саған сенемін! heart

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді