SABAQ.ONLINE

Мотивация беретін ТОП 5 фильм

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

 

Мектеп қабырғасындағы соңғы жыл көзді ашып-жұмғынша өтеді. Міне, бірінші тоқсанда аяқталды. Құрметті оқушылар, ҰБТ-ға дайындық кезеңі өте қиын, стресс пен апатияның жиі болатын уақыты. Осы сәтте сендер үшін демалу да маңызды. Назарларыңа оқуға деген ынтаны ашатын бірнеше фильмдерді ұсынамыз:

1) «Қауіпті ақыл» (АҚШ, 1995) - теңіз корпусының элиталық бөлімшесінен кеткеннен кейін Лу - Энн Джонсон колледжде ағылшын тілі мұғалімі болады. Лу-Энн түскен сыныптың майдан даласынан еш айырмашылығы жоқ, ал студенттер де содырларға ұқсап кеткен. Ұстаздың шабуылға шығудан басқа амалы қалмады...

2) «Хокинг» (Ұлыбритания, 2004) - Стивен Хокинг – ғылымға үлкен үлес қосқан аты аңызға айналған астрофизик. Бала кезінен ол физика мен математикаға ессіз ғашық болып, жыл сайын білімін кеңейте берді. Жиырма бір жасында Стивенге қорқынышты диагноз қойылды - амиотрофиялық бүйірлік склероз. Бұл емделмейтін ауру болса да Хокинг берілмеді...

3) «Еркіндік жазушылары» (Германия, АҚШ, 2006) -  жас мұғалім тіл табуы қиын төбелесшілер мен бұзақы оқушыларға сабақ береді. Олар түзелмейтін сияқты көрінеді, бірақ олар аз ғана түсіністік пен қолдауды қажет етеді.

4) «Профессордың сүйікті теңдеуі» (Жапония, 2006) -  10 жыл бұрын жол апатына ұшыраған мейірімді профессор туралы баяндайды, содан кейін оқиғалар оның жадында 80 минуттан аспайтын уақытқа дейін сақтала бастады. Оның өмірінде екі адам пайда болады: үй қызметшісі және оның он жасар ұлы Рут. Уақыт өте келе олар сандар мен теңдеулердің фантастикалық әлемін зерттей бастайды.

5) «Алмастырушы мұғалім» (АҚШ, 2011) – Мектепке оөушылар білім үшін емес, уақыт өткізу үшін келеді. Бұл балалар кімге керек? Ешкімге, тіпті өз ата-аналарына да, мұғалімдер оларды оқытуға тырысады, бірақ балалармен жұмыс жасау өте қиын. Олармен алмастырушы мұғалім Генри Барт жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді