SABAQ.ONLINE

Мұғалімдер жалақысы қанша?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Бәріміз кішкентай кезімізде мұғалім болғымыз келетін. Әрине, біздің ұстаздарға деген алғысымыз шексіз. Мұғалім мамандығы - елімізде сұранысқа ие. Тіпті, білім жолында еңбек еткісі келетін түлектер саны жылдан-жылға артуда. 

Мұғалім болу үшін жоғары оқу орнында педагогикалық бағытта білім алу керек. Бірақ бұл саланың маманы болу үшін тек диплом жеткіліксіз, онымен қоса шыдамдылық, жаңашылдық деген қасиеттер болуы да қажет. 

Мұғалімнің бойында қандай қасиеттер болуы маңызды?

✎ Пәнді жақсы көру және оқуды ешқашан тоқтатпау;

✎ Оқушының пікірін тыңдау және құрметтеу (эмоционалды интеллект)

✎ Стресске төзе білу (шыдамдылық пен стресске төзімділік)

✎ Оқу процесінде шығармашыл болу

✎ Өзіңізге сенімді, ұйымшыл және мейірімді болыңыз

✎ Мотивация бере алу керексіз. 

Мұғалім болу тіптен оңай емес. Соңғы жылдары елімізде мұғалімдердің мәртебесі көтерілді. Статистика бойынша 2022 жылы ұстаздардың орташа жалақысы - 343 мың теңге. Ал, елімізде халықтың ортақ жалақысы - 312 мың, ең төменгі жалақы - 60 мың теңге екен. Айтпақшы, 2019 жылы мұғалім жалақысы 115 мың болған екен. Сонымен қоса , ең көп степендияны да мұғалім мамандығында оқитындар алады) Осыдан қарап-ақ, бұл мамандыққа деген сұраныстың да, құрметтің артқанын байқаймыз! 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді