Жуырда ғана аяқталған Наурыз ҰБТ-на елімізден 111 мыңға жуық талапкер қатысқан екен. ҰБТ 10 наурыздан 31 наурызға дейін жүргізілді.
Республикамыз бойынша тест тапсырған түлектердің 75 %-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде тапсырды. Ал 141 талапкер ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Барлық оқушының тек 78%-ы шекті балл жинаған. Орташа көрсеткіш - 70 баллды құрайды. Қаңтар ҰБТ-мен салыстырғанда бұл 6 баллға кем.
Статистикаға қарасақ, оқушылар Қаңтардағы ҰБТ-дан кейін біршама босаңсып кеткен сияқты. Тіпті, бірінші ҰБТ-да ең жоғарғы балл 139 балл. Ал, Наурыз ҰБТ-ында ең үздік балл 136 балл.
Наурыз ҰБТ-на 237 ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысқан.Тест тапсырған талапкерлердің басым бөлігі физмат мен биохимді таңдаған. Ал, осы жылы тестілеу комбинациясының қатарына қосылған "Математика - Информатика" пәндерін 11% оқушы тапсырған.
Әр ҰБТ-да айласын асырам деген оқушылар болады, иә? Осындай тыйым салынған заттарды алып өткені үшін 85 түлек ҰБТ-дан шектетілді. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 109 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері бірден жойылды. Аппеляцияға 30 мың оқушы өтініш тастаған.
Біздің SO-оқушыларымыз да ҰБТ-дан жоғары балл жинады. Олардың нәтижесі біздің интса парақшамызда жарияланған еді. Наурыз ҰБТ-сы осылай өтті.
Ендігі алда келе жатқан нағыз грант ҰБТ-нан жоғары балл жинап, грантқа түсіңдер!