SABAQ.ONLINE

Наурыз ҰБТ-сы қалай өтті?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Жуырда ғана аяқталған Наурыз ҰБТ-на елімізден 111 мыңға жуық талапкер қатысқан екен. ҰБТ 10 наурыздан 31 наурызға дейін жүргізілді. 

Республикамыз бойынша тест тапсырған түлектердің 75 %-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде тапсырды. Ал 141 талапкер ағылшын тілінде тестілеуден өтті. 

Барлық оқушының тек 78%-ы шекті балл жинаған. Орташа көрсеткіш - 70 баллды құрайды. Қаңтар ҰБТ-мен салыстырғанда бұл 6 баллға кем. 

Статистикаға қарасақ, оқушылар Қаңтардағы ҰБТ-дан кейін біршама босаңсып кеткен сияқты. Тіпті, бірінші ҰБТ-да ең жоғарғы балл 139 балл. Ал,  Наурыз ҰБТ-ында ең үздік балл 136 балл. 

Наурыз ҰБТ-на 237 ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысқан.Тест тапсырған талапкерлердің басым бөлігі физмат мен биохимді таңдаған. Ал, осы жылы тестілеу комбинациясының қатарына қосылған "Математика - Информатика" пәндерін 11% оқушы тапсырған. 

Әр ҰБТ-да айласын асырам деген оқушылар болады, иә? Осындай тыйым салынған заттарды алып өткені үшін 85 түлек ҰБТ-дан шектетілді. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 109 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері бірден жойылды. Аппеляцияға 30 мың оқушы өтініш тастаған. 

Біздің SO-оқушыларымыз да ҰБТ-дан жоғары балл жинады. Олардың нәтижесі біздің интса парақшамызда жарияланған еді.  Наурыз ҰБТ-сы осылай өтті.

Ендігі алда келе жатқан нағыз грант ҰБТ-нан жоғары балл жинап, грантқа түсіңдер!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді