SABAQ.ONLINE

SO-оқушылары ҰБТ-дан қанша жинады?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Елімізде ақылы оқуға түсуге арналған Наурыз ҰБТ-ы өтіп жатыр. Ол ертең, яғни 31 наурыз аяқталады. ҰБТ-ға 113 мың түлек өтініш берген. Әрине, бұл сынақ болған соң бірі өтіп, бірі құлап жатыр.

Біздің sabaq.online платформасында білім алып жатқан оқушыларымыз жоғары балл жинады. Олардың ішінде Айтжан Жанерке 122  балл еншіледі. Оқушымыз бізге ҰБТ дайындығы туралы айтып берді. 

"Мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысымын. Таңдау пәндерім - биология мен химия. Арманым - дәрігер болу. Болашақта білікті маман болғым келеді",-дейді ол. 

- SО-мен қашаннан бері дайындалып жүрсің?

- Бұл курсқа 10-сыныпта тіркелгенмін. Алғашында математикалық сауаттылық, биология пәндеріне қызығушылық таныттым. Жаз бойы демалысымды босқа кетіргім келмеді. Сөйтіп, ҰБТ-ға дайындықты бастап кеттім. Менің кураторым Самал апай zoom платформасында нұсқа талдау сабақтарын жиі өткізеді. 

- Осы дайындық барысында қандай прогресстер болды?

- Қазақстан тарихын сүйіп оқыдым деп айта алмаймын. Бірақ осы пәнге Бекзат ағай махаббатымды ашты. Ол кісі күнде тікелей эфирге кіріп, барлық тақырыпты күшті түсіндіріп береді. Ағайдың көмегімен 20 баллдың 19-ын жинадым

- Жетістікке жетер шың әрине, біз үшін қызық...

- ҰБТ-ға дайындығымды екі еселедім. Қазір де дайындалып жатырмын. Осы жолда SO көмегі зор болды. Білікті ұстаздар мен мотивация сыйлайтын кураторларымның арқасында жоғары балл жинадым. SO-ның басқа да оқушылары үлкен жетістікке жетіп жатыр. 

Иә, Жанерке еңбегінің нәтижесінде Наурыз ҰБТ-нан жоғары балл жинады. Біздің барлық оқушыларымызға нағыз ҰБТ-дан осылай жоғары балл алуға тілекшіміз!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді