SABAQ.ONLINE

Оқу сауаттылығынан қалай дайындалған жөн?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Оқу сауаттылығы  - ҰБТ-да ең негізгі пәндердің бірі. Бұл пәннен сұрақ саны 15, яғни 3 мәтін келеді. Көп оқушы ҰБТ-ға дайындық барысында дәл осы пәнге уақыт бөлмейді. «Оңай пәннің бірі» десек те, тыңғылықты дайындалған жөн.

Оқу сауаттылығы пәнінен мәтіндер функционалдық сауаттылыққа бағытталған. Сол себептен, тест шешу барысында барынша сақ әрі мұқият болған жөн.

Бізден кеңестер:

  1. Барынша көп нұсқа шешу қажет. Сонда, тест шешуде ең керекті қабілеттер дами түседі.
  2. Сұрақтардың мағынасын дұрыс түсіну керек. Өйткені, сұрақтар кей жағдайда ауыспалы мағынада беріледі.
  3. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтарды қарап, танысу қажет. Сонда, мәтін оқып отырып, жауаптарды белгілеу оңайырақ болады.
  4. Мәтіндегі әр сөйлемді мұқият оқу керек. ҰБТ кезінде уақыт үнемдеймін деп мәтінді асығыс оқуға болмайды. Тестке жауап беру үшін ең алдымен мәтінді дұрыс түсінген жөн.

 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді