Біздің ортамызда әрдайым негативті ойлап, өзінің ойын басқаларға үгіттейтін адамдар өте көп. Олар сенің жасаған таңдауына күліп немесе оны қате деп кінәлап, хейт етеді. Сенің өміріңе қатысты мәселелерде шешуші дауыс тек саған тиесілі.
1. Басқалардың пікіріне алаңдама Біз үшін өзгелердің ойлары маңыздырақ және олардың көңілінен қалай шығамыз деп жиі ойланамыз. Ал бұл өзімізді жақсы көруімізге кедергі келтіретін лабиринт. Досымыз немесе көршіміз не дейді деп уайымдап жүргенде өзімізді жоғалтамыз, өз болмысымызды еркін зерттей алмаймыз және дами алмаймыз. Бұл бізге қалағандай өмір сүруге мүмкіндік бермейді.
2. Өзіңді тыңда Шындығында, сен кім болатынынды немесе өз өміріңді қалай басқаратыныңды ешкімнің айтуға құқығы жоқ. Сен үшін таңдауды тек бір адам жасайды, ол - ӨЗІҢ! Сенің қажеттіліктеріңді өзіңнен артық ешкім білмейді. Сондықтан, сен қоғамның қысымына көңіл аудармай, өзіңнің түйсігіңді тыңдау керексің.
3. Жауаптарың әрдайым дайын болсын Егер саған біреуден хейт келсе, оған сыпайы әрі тікелей жауап беруге болады. Бірақ бұл жағдайда ұрыс та шығып кетуі мүмкін. Ал егер жанжалдан аулақ болғың келсе, бас изеп, сигналды естігеніңді раста және басқа тақырыпқа ауыс. Бұл жағдайда да өз дәлелдеріңді, ең болмағанда, ойша, өзіңе айтқан дұрыс. Хейтерге дауыстап немесе өзіңе айтуға болатын жауаптардың кейбір мысалдары ұсынамыз:
Ойларыңызбен бөліскеніңізге рахмет. Сенің көмектескің келетінін білемін. Бірақ мен ұзақ уақыт бойы ойланып, оны өз жолыммен жасауға шешім қабылдадым.
Сіз мені түсінесіз деп үміттенемін. Мен өзіммін және мен үшін ең жақсы деп санайтын нәрсені істеймін. Басқа адамдар да солай істемейді ме?
Әр адамның өз өмірі мен бақыт туралы өз идеясы бар. Менің шешімім мені бақытты етеді. Бұл маған дәл қазір керек екенін іштей білемін.
Басқа біреудің пікірі менің таңдауыма әсер етпейді. Мен оны дұрыс деп санаймын.
Осыған ұқсас жағдайдағы басқа адам дәл сіз айтқандай жасай алады. Мен өзімнің өмірлік тәжірибем мен құндылықтарым мені ынталандырғандай әрекет еттім.
Келесі жолы саған қажетсіз кеңес немесе таңдауың бойынша орынсыз сын айтылғанда, дайын жауапты пайдалан. Бұл саған алдағы бірнеше күнде ортаңнан естіген негативті қорытуға, оның санаңнан шығаруға көмектеседі.
Өзгенің ойы, сөзі сені алаңдатпасын. Өйткені, ең керемет таңдауды СЕН жасадың!