SABAQ.ONLINE

Жаздың соңғы айын қалай өткіземіз?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Уақыттың жылдамдағы мені таңқалдырады. Бейне кеше ғана соңғы қоңырау соққандай еді. Ал енді жаздың аяқталуына небәрі 1 ай қалды. Ол да бір апта уақыттай сырғып өтеді. Біздің кеңестер арқылы жазды сәтті өткіз:

  1. Достарыңмен пикникке шық. Парк немесе табиғат аясына барыңдар. Мектептегі соңғы жыл болса, сыныптастарыңмен көп уақыт өткіз. Ертең мектепті аяқтағаннан кейін олармен ара-қатынасың алыстап бастайды. Кейде сағыныш сезімі де болады.
  2. Жұмыс істе. Өзің қаржы жинап, жаңа оқу жылына әдемі киімдер ал. 
  3. ҰБТ-ға дайындал. Көбі жазда дайындалсаң, ҰБТ тапсырғанға дейін бәрі естен шығып кетеді дейді. Бұл миф. Керісінше, қаншалықты көп дайындалсаң, соншалықты нәтиже болады.
  4. Ата-анаңмен, отбасыңмен көп уақыт өткіз. Ертең оқуды аяқтап, басқа қалаға көшесің. Әсіресе, қыздар. Осымен бір кеткеннен кейін олардан алшақтай түсесің. Сондықтан олармен қызықты сәттерді кеш.
  5. Кино көр. 11-сыныпта дайындықпен кино көруге уақыт болмайды. Жазды пайдалан.
  6. Дамы. Ағылшын тілін үйрен. Спортпен айналыс. 30 күндік челлендждер ұйымдастыр. Жаз - дамуға, өзгеріске арналған ең күшті кезең.

Міне, осы кеңестерді пайдаңа жарат. Жазды естен кетпестей өткіз!

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели