SABAQ.ONLINE

ҰБТ-да қобалжуды қалай жеңеміз?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Емтихан тапсыру - тек теориялық білімдерді меңгеру, есеп шығару ғана емес. Емтихан біздің психикамыз үшін үлкен сынақ екенін, психологиялық дайындық жасау керек екенін жиі ұмытып кетеміз. Емтиханда қобалжысаңыз, материалды ұмытып, жауаптарды араластырып, көп ұпай жоғалтуыңыз мүмкін. Қобалжу  емтихан нәтижелеріне ғана емес, оқушының денсаулығына да әсер етуі мүмкін.

Емтиханда қобалжу -  қалыпты жағдай. Барлық адам маңызды оқиғалар алдында алаңдаушылық пен қобалжу сезімдерін бастан кешіреді. Зерттеушілер азғантай толқудың табысқа жетуге көмектесетінін анықтады. Егер адам мүлде уайымдамаса, оған зейінін ашу және өз қабілеттерін барынша пайдалану қиынырақ болады.

  1. Дүрбелеңге түсуден (паника) қорықпаңыз. Өзіңізді ретке келтіріп, «Бұл менің қолымнан келеді», «Бәрі жақсы болады», «Мен қорықпаймын» сынды сөздерді айту арқылы бұл қорқынышты жеңуге тырысыңыз.
  2. Деміңізді қалыпқа келтіріңіз. Қобалжыған кезде адам дұрыс тыныс ала-алмай қалады, осыдан мидан оттегі аз бөлінеді. 2-3 рет терең тыныс алыңыз. Бірақ, мұны көп жасап, асыра сілтемеңіз. Бас айналып кетуі де мүмкін.
  3. Қалыпты жағдайға келіңіз. Мүмкін болса, іштен асықпай 100-ге дейін санаңыз. Суық су ішіп, бетіңізді жуыңыз. «Мен қорықпаймын» деп қайталай беріңіз. Мұның бәрі артық қобалжуды жеңуге көмектеседі.
Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді