SABAQ.ONLINE

Талапкерлер ата-ана қолдауына зәру

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ-тапсыратын оқушыларда ғана емес, олардың ата-анасында да үлкен алаңдаушылық, қорқу сезімдері басым болады. Ата-анамыз бізден артық алаңдамаса, кем емес. Бүгінгі мақаламыз баласының болашағы үшін уайымдап жүрген ата-аналарымызға арналады. Сонымен, қорқыныштарды қалай жеңеміз?

1. Мазасыздықтан арылыңыз wink.

Балаңызға қорқыныш пен уайымыңызды көрсетпеңіз. Егер сіз балаға әр уақыт сайын болашақ туралы, оның жауапкершілігі туралы айта берсеңіз, балаңызға үлкен қорқыныш сыйлайсыз. Керісінше, балаңызға ҰБТ-дан құлап қалса, ешнәрсе болмайтынын, өмір жалғасатынын түсіндіруге тырысыңыз. 

2. Өзіңізді бақылауда ұстаңыз yes.

Ата-ананың уайымын бала іштей сезеді. Сіздің сенімділігіңіз бен сабырлылығыңыз бала үшін ең жақсы тірек болады. Жұмысқа немесе отбасылық өмірге байланысты стрессті азайтуға тырысыңыз.  Йога, медитация және таза ауада серуендеу жүйке жүктемесін жеңуге, тыныштандыруға көмектеседі. 

3. Бірге уақыт өткізіңіз heart

Балаңызбен көп әңгімелесіңіз, бәрінен тығылып шай ішіңіздер. Оның ішіндегі қорқынышты, уайымды сезіп, оған қолдау білдіріңіз. Егер сіз сабырлы, сенімді болсаңыз, балаңыз да солай болуға тырысады. Қазір ол сіздерден үлкен қолдау күтеді, сондықтан осы қиын процессте балаңыздың жанынан табылыңыз.

4. Төмен балл алса ше? broken heart

Ұрыспаңыз. Жай ғана қолдау білдіріп, оның осы баллды жинауының өзі күш екенін айтыңыз. Сондай-ақ, балаға өз ойыңызды қоспаңыз. Иә, сіз көп нәрсе көрдіңіз, білдіңіз. Бірақ, баланың жан қалауындағы мамандық таңдағаны дұрыс. Баланы жұртпен салыстырмаңыз. Осы салыстырулар оның мотивациясын азайтады, әртүрлі психологиялық жарақаттар салады. 

Ата-ана бала үшін қорған әрі қолдаушылар, баласының болашағы жақсы болуы үшін бар дүниені жасауға даяр жандар. Осы ҰБТ сынағында балаңызбен бірге мықты, күшті болыңыздар! Балаларыңыз сіздердің қолдауларыңызға зәру!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді