SABAQ.ONLINE

Аз уақытта қалай +20 балл қосуға болады?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Нағыз ҰБТ-ға өте аз уақыт қалды. Қанша дайындалса да әлі күнге дейін төмен балл алып жүрген оқушылар бар. Арнайы сендер үшін аз уақытта қалай тез балл жинау тәсілдерін зерттеп көрдік. 

Дайындықты үздіксіз әрі жиі жасау қажет. Бұл деген таңнан кешке дейін кітап оқып, тест жаттау деген емес. Арасында тик-ток көруге рұқсат беремін laugh). Егер сенің мақсатың балл көтеру болса, ескі материалдарды қайтала және күн сайын жаңа тақырыпты оқы. Менен сендерге секрет: тақырып есте ұзақ сақталу үшін постер, класстер, схемалар көмек береді. 

Үзіліс жаса. Сабақ оқу барысында әр жарты сағат сайын 5-10 минут демал. Миды шамадан тыс қатты жұмыс істету де зиян. Демалыс кезінде миға қатты ой салма. Сол кезеңде сабақ туралы ойламай, миыңды жақсылап демалт. Кейін үзілістен кейін сабаққа қайта кіріссең, күштііііі түсініп аласың.

Сабақты өзіңе ыңғайлап оқы. Кейбіреулер визуально, яғни көзбен көру арқылы, енді бірі есту арқылы, ал басқалары жүру, қозғалу арқылы ақпаратты тез есте сақтайды. Мен ҰБТ-ға дайындалғанда тестті жүріп жаттайтынмын және бұл есте ұзағырақ сақталған. 

Эмоционалды есте сақтауды дамытшы. Бұл ең үлкен, ең күшті көмек дер едім. Біздің миымыз иістерді/дыбыстарды идеялармен/естеліктермен тамаша байланыстырады. Сабақ барысында күнделікті қолданбайтын парфюмерия немесе одеколон себіңіз (хош иіс әдеттегі иіске сәйкес келмеуі керек), тестке кірер алдында сол иісті сеуіп шық.

Осы кеңестер сен үшін пайдалы болса, пайдаңа жарат. Дәлелденген лайфхактарды ұсындым, міндетті түрде орында!

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели