SABAQ.ONLINE

Қаңтар ҰБТ-сы басталды

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Ақылы бөлімге түсуге арналған қаңтар айындағы ҰБТ басталды. Тестілеу 1 ай бойы, яғни ақпанның 10-на дейін өткізіледі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, тестілеуге қатысуға 125 мың талапкер тіркелген. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және орнын өз еріктері бойынша таңдады.

2023 жылдан бастап ҰБТ-ға аз-кем өзгерістер енгізілді. Яғни, оқушылар Қазақстан тарихынан  20, ал оқу сауаттылығы пәнінен 15 тапсырманы орындайды. Сондай-ақ, жауап нұсқалары 8-ден 6-ға қысқартылды. ҰБТ-да барлығы 120 сұрақ, ең жоғары балл - 140. ҰБТ-ны тапсыру уақыты 240 минут, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут қосылған.

Тестілеуге оқушылар жеке басын куәландаратын құжатпен кіреді. Сонымен қатар, талапкерлерге ҰБТ кезінде калькулятор, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері компьютерде қолжетімді болады.

Оқушылар тестілеуге қалам, су және шоколад алып кіруге болады. Ендеше, жас түлектер, ҰБТ-дан сүрінбей өтуге сәттілік тілейміз!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді