SABAQ.ONLINE

Қорқынышпен күресу оңай

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Ертең нағыз грант ҰБТ-сы басталады. Уақыт жылдам өтіп кетті ме? Көп оқушылар осы тұста өздеріне үлкен сенімсіздік арттырып, қатты қорқады. Яғни, олардың алаңдауына себеп - ҰБТ-дан аз балл алу, грантқа түспеу, қалаған мамандықта оқымау, ата-ана, мұғалімдер үмітін ақтамау, жұрттың сөзі. Осы сынды факторлар оқушыларға үлкен қысым жасайды. Соның әсерінен олар дәл ҰБТ тапсырып жатқанда қатты қобалжып, паникаға түседі. Тіпті, жаттаған тақырыбын ұмытып та қалады. Ал бұл қорқыныштарды жеңу жолы бар ма?

Ең алдымен, емтихан - өмірдің бір кезеңі екенін түсіну қажет. Әрине, одан кейін өмір тоқтап қалмайды. Бірақ өміріңнің басқа өткелдеріне ол әсер етуі мүмкін. Сондықтан жауапкершілікті мойнына алып, барынша жақсы тапсыруға ұмтылу керек. ҰБТ-ны тек өзің үшін тапсырасың және сенің орнына оны ешкім орындап бермейді!

Емтихан алдындағы стресс көбінесе тәбеттің болмауымен бірге жүреді. Бірақ бір үзім нан тамағыңа сыймаса да,  аздап болсын тамақ жеуің керек. Әйтпесе, стресс жағдайында қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуі және жанама белгілер пайда болуы мүмкін - дірілдеу, терлеу, әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, жүрек айнуы ...  

 

Емтиханға тойып бармау керек. Таңғы ас жеңіл, құрамында ақуыз пен көмірсуларға бай тағамдар болса жөн. ҰБТ алдында таңертең йогурт, сондай-ақ сүзбе, жұмыртқа, сүт ботқасы немесе ірімшік немесе бал қосылған бутерброд жеп, лимон мен қант қосылған шай ішу жақсы. Немесе 1 шай қасық  бал, 2 грек жаңғағы, 3 дана кептірілген өріктен және бір стақан биокефирден смузи жаса. 1-2 тбанан тілімі, бір уыс мейіз және жемісті сүт коктейлі де күшіңді арттыруға көмектеседі. Осы рецепттердің бірін қолдансаң болады. 

Емтихан алдындағы күйзелістен арылудың ерекше тиімді құралы – музыка. Тестке дайындалу кезінде бравура маршы, чардаш немесе жігерлі фламенко гитарасының жазбаларын қос. Сонда сенің қорқынышың мен ішкі дірілің  жойылады. Классикалық музыка туындылары стресс кезінде көмектеседі. Бахтың музыкасы ауыр интеллектуалдық жұмыс жасау керек болса, өте тиімді. Брайан Адамс, Тина Тернер, Бон Джови және Риккардо Фолидің композициялары да жауынгерлік көңіл-күйде құрылған.

ҰБТ-дан аз балл алу туралы ойды мүлдем миыңнан шығар. Керісінше, "Мен жоғары балл жинаймын" деп өзіңе настрой жаса. 

Басқа адамдардың уайымын керек етпе. Аудиторияға кірер кезде оқушылар өз қорқыныштарын білдіреді. Бәрін ұмытқанын, тесттің қорқынышты болатының айтып, паникаға ерік береді. Олардан аулақ бол!

Міне, осы қарапайым кеңестерді пайдаңа жарату арқылы аз да болса қорқынышыңды жеңесің деген ойдамын. Мен саған сенемін! heart

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели