Sabaq.online – жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын үздік платформа.
Алғашында Sabaq.online Астана қаласында орталық болып ашылды. Бірақ, уақыт өте келе курсқа сұраныстың артуы және ауыл оқушыларының салыстырмалы түрде ҰБТ-ға дайындала алмауы себебінен онлайн білім беруге ауысты. Яғни, біздің мақсатымыз - сапалы білімді кез келген оқушы үшін қолжетімді ету. Үлкен қалада тұратын оқушылар үшін гимназия, лицей секілді мектептер сапалы білім береді. Ал басқалар ше? Біз бұл білімнің бәріне бірдей берілгенін қалаймыз.
SO 3 жылда Қазақстан бойынша 11 мыңға жуық түлекті ҰБТ-ға дайындады. Курста білім алып, біздің авторлық техникалармен, платформамен дайындалған оқушыларымыз грант ұтып алды. Қазір біздің 8642 түлегіміз мемлекеттік грантта білім алып жатыр. Оқушылардың рекорды – 139 балл. Ал орташа ҰБТ ұпайы – 102 балл.
Sabaq.online елімізде оқушыларға ең қолайлы курс деп толық айта аламыз. Өйткені, SО-да оқушыда курсқа жазылған уақыттан бастап 24/7 қолжетімділік болады. Яғни, платформадағы сабақтарды уақытына қарамастан, кез келген сәтте қайталап көру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, әр сабақты көрген сайын міндетті түрде тапсырма орындау қажет. Ол тапсырма орындалмай екінші сабақты көре алмайсыз. Бұл оқушылардың жалқаулығын жойып, оқуға одан әрі мотвациясын аша түседі.
Талапкерлер үшін қатемен жұмыс жасау аса маңызды. Біздің курста әр оқушы өзі жасаған тапсырманың қатесін көріп, оны түзей алады. Сонымен қатар, әр есептің видеоталқылауы бар. Мұғалімдерге тікелей сайттың ішінде сұрақ жолдауға болады. Біздің курста мектепте 40-45 минут бойы түсіндірілетін сабақтар бар-жоғы 10-12 минутта беріледі.
SО-ның ұстаздары әр апта сайын тікелей эфирге шығып, оқушылармен байланыста болады. Біздің оқушыларымыз түсінбеген тақырыптарын тікелей сұрап, білмейтін сұрақтарына жауап ала алады. Ұстаздар эфир барысында түрлі нұсқалар мен қиын тапсырмаларды талқылап, түсіндіреді.
Біздің платформаның тағы бір ерекшелігі – әр апта сайын тест тапсыру. Бұл біліміңді сынау үшін әрі тест сұрақтарымен танысу үшін керемет мүмкіндік.
ҰБТ-ға дайындалғанда оқушыға мотивация беретін орта болуы керек. Егер SO-нан білім алатын болсаң, өзің секілді жоғары баллды аңсаған, болашаққа үлкен мақсаты бар оқушылармен танысып, олармен әрдайым байланыста боласың. Бұл дамушы орта саған мотивация, жігер, талап береді.