SABAQ.ONLINE

Өзіңді өзгемен салыстырма

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Көп ата-ана баласын өзгелермен салыстырғанды ұнатады. "Жұрттың баласы ҰБТ-дан 125 балл алыпты", "Пәленшенің баласы грантта оқиды", "Ана бала мектепті "Алтын белгіге" аяқтапты" деп басқаларды мақтайды. Әрине, ата-ана баласына жаман болсын деп емес, ол да басқалар секілді жетістікке жетсін деп тілейді. Бірақ дәл осы салыстырулардың әсерінен баланың санасында комплекстер мен стереотиптер пайда болады. Бұл норма емес. Ал одан арылу жолы қандай?

1. Өзіңді мақта. Бір кемшілік үшін өзіңді кінәлау - оңай. Бірақ бұл сенің сенімділігіңді одан әрі түсіреді. Сабаққа барғаның үшін, ата-анана көмектескенің үшін, тест талдағаның үшін, ҰБТ-дан шекті балл жинағаның үшін немесе жай ғана ұйықтағаның үшін өзіңе алғыс айт. Бұл сенің өз-өзіңді бағалау деңгейіңді арттыра түседі. 

2. Өзіңмен бол. Сенде тек қана бір өмір бар. Сол өміріңді өз қалауынша сүрген жөн. Басқалар секілді болуға ұмтылу, олардың құндылықтарын өзіңдікіңнен жоғары қоюдан, олардың өмірін көшіруден бас тарт. Қоғамның ойына қарамай, өз қалауыңды таңдау - ең үлкен жеңіс. 

3. Қызғанба. Өзіңді өзгелермен салыстырып бастағанда іштей қызғаныш сезімі пайда болады. Одан жаман улы ойлар туып, сені өзгертеді. Әлемге мейірімді қара, біреу үшін қуануды үйрен, олардың жеңісін мойында.

4. Өзгелермен теңеспе. Өйткені ол сені сәтсіздікке ұшыратады. Өз өміріңді сүрудің орнына өзгелердің ойын, мақсатын, құндылығын, тілектерін жоғары қоятын боласың.  Идеалды өмірдің әмбебап рецепті жоқ, бір адамға қолайлы нәрсе екіншісі үшін нағыз азап болады. 

5. Анализ жаса.  Өзіңді басқалармен салыстырғың келетін нәрсені талда. Салыстыру әдетінен арылу үшін кейде  қандай сәттер көңіліңді қалдыратынын немесе өз-өзіне сенімсіздік тудыратынын түсіну жеткілікті. 

Тек өз өміріңді сүру арқылы және өз қалауларыңды өзгелердікінен биік қою арқылы ғана жетістікке жетесің. Өзіңді өзгемен салыстырмау да жеңіс. heartyes

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді