SABAQ.ONLINE

ҰЙҚЫМ КЕЛЕ БЕРЕДІ

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Ағзаның әлсіздігі әдеттегі істерді орындауды қиындатады: зейінді шоғырландыру қиынға соғады, алынған ақпарат тез ұмытылады, дене үнемі ұйықтауға ұмтылумен күреседі. Әсіресе, емтиханға дайындық процесінде ұйқы қанбай, күні бойы шаршаңқы сезіммен жүресің. Оған қосылып қазіргі көктем де бірге әсер етеді.  Кейде күні бойы сергек болу өте маңызды, әсіресе сабақтың көптігінен ұйықтауға мүмкіндік болмаса, денені қалай алдауға болады? Ұйқышылдық және әлсіздікпен қалай күресеміз?

1. Бөлмені үнемі желдетіп, ауа ылғалдандырғышын (увлажнитель воздуха) сатып ал.  Таза ауа ағыны күш қосып, мидың жұмысын белсендіреді. Құрғақ ауа қалыпты тыныс алуға кедергі келтіреді, қоршаған ортадағы оттегінің деңгейін төмендетеді, сондықтан оны ылғалдандыру керек.

2. Бетіңді жиі  салқын сумен жу, мүмкін болса, салқын душ қабылда: оның қуаттандыратын, энергияны арттыратын әсері бар.

3. Жеңіл жаттығулар жаса, ағзаны ояту үшін жиі қимылда.

4. Құлағың мен алақаныңды ысқыла, өйткені, онда көптеген биологиялық белсенді нүктелер бар.

5. Басқа массаж жаса, шашыңды жиі-жиі тара - бұл қан айналымын жақсартады.

6. Бір кесе кофе іш - кофеин жүйке жүйесін ынталандырады. Ұқсас әсерді ащы шоколадтан алуға болады.

Бұл әдістерді сабақта да, үйде де қолдануға болады. Бірақ  ағзаны әрдайым стрессте ұстауға болмайды. Жай ғана миды тынықтырып, демалудың өзі маңыздырақ. 

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели