SABAQ.ONLINE

Болашақ студентке не керек?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

8 күннен кейін грант нәтижесі шығады. Студент атануға да аз уақыт қалды. Ал, перваштар, сендерге оқу жылында не алу керек? Менен кеңесті пайдаларыңа жаратыңдар :)

• Қалам, маркер.

Лекция жазғанда өздеріне түсінікті болу үшін түрлі-түсті қаламдарды пайдалан. Схема сызу арқылы жазсаң, есте де сақталады. 

• Қалың дәптерлер

Бірақ 96 беттік емес. 36-48 беттік дәптерлерді ал. Өйткені көп сабақ 1 семестр ғана болады. Дәптерін 4 айда толмай да қалуы мүмкін. 

• Кішкентай блокнот

Үй жұмысын, есте сақтау керек ойларды жаз. Бірақ телефонның “заметкиін” де қолдансаң болады.

• Стикер

Өте пайдалы, кез келген жерге жабыстыра салуға болады. 

• Ноутбук 

Студенттің көмекші құралы ғой. Сабаққа да, кафеге де, кітапхана, кез келген жерге апарсаң болады. Үй жұмыстарын орындарда қолдануға күшті. 

• Принтер

Егер үйіңде принтерің болса, ерінбей қалаға алып кел. Өйткені студент кезінде 1045 қағаз шығарасың. Бәріне ақша көп кетеді. Бизнес жасауға да болады. Группаластарыңа үйден шығарып келіп, ақша ал :)

• Бөтелке

Су құйып, оқуға алып бар. Күн сайын сатып алу қалтаны теседі. Одан да 2000-3000 теңгенің аралығында жақсы бөтелке сатып ал да, ұзақ уақыт қолдан. 

• Шай :)

Ақшаны үнемдеуге болады. Студент болған соң күнде достарыңмен шай ішесіңдер. Ал универдегі асханалар қымбаттау. Әсіресе, шай. 100-200 тг аралығында тұрады. Оның орнына 700-1000 тглік көп шай сатып ал. Күн сайын сумкана біреу салып алсаң, көп ақшаң қалтаңда қолады. Проверенный лайфхак! 

Әзірше, осы заттарды ал. Егер биохим сынды салада оқысаң, а4, түрлі-түсті қарандаш, фломастер керек болады. Кішкентай емес, үлкендеу сөмке ал. Өйткені кітапханадан кітаптар алып, күнделікті тасып жүресің. Кеңестер ұнаса, достарыңмен де бөліс!

 

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели