SABAQ.ONLINE

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Шет елде тегін білім алғың келе ме? Қазақстанда университет қабырғасында білім алып жүріп-ақ, шет елде білім алуға болады. Бұл оқу кезеңін академиялық ұтқырлық деп атаймыз. 

Студенттің академиялық ұтқырлығы - білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру. Яғни, студент білім алып жүрген жоғары оқу орны серіктестікке отырған шет елдің универлерінде белгілі бір кезеңде оқып келе алады.

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Бұл бағдарлама бойынша білім алу үшін студенттерге арнайы талаптар қойылады, яғни, кез келген студент бара алмайды. Ол үшін ең алдымен GPA деңгейі жоғары болуы қажет. GPA – Grade Point Average – оқудың бүкіл кезеңі үшін сертификаттағы немесе дипломдағы бағалардың орташа балы. Cонымен қатар, тіл деңгейі жоғары болуы қажет. Арнайы құжаттарды дер кезіңде тапсырып үлгеру қажет. Бәрінен оза шапқан, алда болған студент шет елде тегін білім алады. Атап өту керек, әр университетте талаптар әртүрлі, сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламары өз ішінде әртүрлі топқа бөлінеді. Біреуі  коммерциялық болса (студент қалауына байланысты) , ал енді кей біреуінде ұшақ билеті мен степендия ғана берілуі мүмкін. Сол себептен, болашақта оқуға түсетін университеттің осындай мүмкіндіктері туралы зерттеп көруге кеңес береміз. Айтпақшы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу үшін де гранттың маңызы зор. Сондықтан, мемлекеттік грант иелену арқылы шет елде де білім алу мүмкіндігін жоғалтып алмаңдар!

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели