SABAQ.ONLINE

ҰБТ 2023: Қандай жаңа өзерістер бар?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ-ға тағы да өзгерістер енгенін естіген боларсыңдар. Енді, «Қазақстан тарихы» пәнінен сұрақтар саны 20, ал «Оқу сауаттылығынан» 15 балл болады.

«Қазақстан тарихы» пәнінен тестілеу бойынша 20 тест тапсырмасының 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары; ал қалған 11-ден 20-ға дейін – мәтіндік тапсырмалар болады. «Оқу сауаттылығы» пәнінен енді 3 мәтін бойынша 15 сұрақ келеді.

Оқушылар, сендер үшін ең керемет жаңалық - бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5 емес, 4-ке қысқарды. Ал, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайтылды. Нұсқалардың қысқаруы –  көп балл жинауға жақсы көмек. Енді, жауабын білмейтін сұрақтарда жай белгілеген нұсқаларын дұрыс болу ықтималдығы жоғарылады. Бірақ, сонда да дайындық жақсы болуы керек. 

Грантқа түсе алмаған не шекті балл жинай алмай қалған ұлдар үшін жақсы жаңалық бар. Әскерден соң универге ҰБТ-сыз түсуге болады, бұл заң 2023 жылдан бастап өз күшіне енеді.

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели