SABAQ.ONLINE

ҰБТ 2024: ЖАҢА ФОРМАТ ПЕН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

2024 жылғы ҰБТ-ға көп  жаңалықтар енді. Жоғары білімді оңтайлы етудің маңызды қадамы – ҰБТ тапсырмаларын жетілдіру. Енді ҰБТ  стандартталған форматқа көшті. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес келеді. 

2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді. Бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылды. Тестілеу уақыты 4 сағаттан 3 сағат 30 минутқа қысқарады.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады.

ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды. 

Биылғы тағы бір жаңалық шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлерге қатысты. Олар енді «Математикалық сауаттылықты» міндетті пән ретінде тапсырады.

«B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар», «B055 – Математика және статистика», «B063 – Электротехника және автоматтандыру» білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер «Математика-Информатика» комбинациясын тапсырады. 

2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады. Яғни грантқа түсу үшін 2 рет, ақылы оқуға 3 рет тапсырады. 

Жаңа форматпен жаңа жетістіктерге жетуге тілектеспіз!

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели