SABAQ.ONLINE

Менің ҰБТ тарихым

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Мен 2021 жылдың түлегімін. Білетін шығарсыңдар, тестті онлайн тапсырған алғашқы буын - ол біз. Жаңа формат, жаңа өзгерістер... Сонымен, менің ҰБТ тарихым қандай болды? Аз да болса, сендерге, менің оқырмандарыма мотивация болады деген ойдамын. 

Мен журналистика саласын таңдадым. Қазір осы мамандықта грантта оқып жатырмын. Тиісінше, 11-сыныпта шығармашылық емтихан тапсырамын деп шештім. Әрине, бес пән таңда деген сөзді көп естідім. Сонда да өз қалауымды орындап, ҰБТ-дан екі пән тапсырдым. 

Көбіне шығармашылық мамандықтарға оқуға түсу оңай сияқты көрінеді. Әрине, салыстырмалы түрде бес пәннен екеуі жеңіл көрінуі мүмкін. Бірақ, шын мәнінде әр таңдаудың бір қиындығы бар. Біз үшін бір балдың өзі маңызды. Менің қазіргі группаластарымның көбі 123 баллмен грантқа түспеді. 

Нағыз ҰБТ тапсыру үшін қазіргідей екі мүмкіндік берілді. Алғашқысын 15 мамыр, екіншісін 8 маусым тапсыратын болдым. Оның алдында сәуірдің 1-і ақылы ҰБТ-ны тапсырғанмын. Одан ойлағанымдай балл жинамадым, 32/35 болды. 

Содан оқуға мотивация жоқ, мүлдем дайындықты үздім. Екі аптадай ешнәрсе қарамай, жай жүрдім. Бірақ ҰБТ жақындаған сайын қорқыныш басым болып, жалқаулықты жеңді. Өте аз уақыт қалғанда максималды түрде тест талдап, дайындықты күшейттім. Айтпақшы, маған сливтен бірде бір сұрақ келмеді. 

Бізде ҰБТ тапсыратын пункт менің тұрғылықты жерімнен 3-4 сағаттық жерде. Бір күн алдын сол қалаға ата-анаммен бардым. Олар маған қатты сенді, тіпті, жоғары балл алса өзіміз тойлаймыз деп дайындалып жүр. Ал менің ішімде үлкен уайым...

ҰБТ-ға бір күн қалғанда таңғы 3-ке дейін Жұбанышовты толық қайталадым. Неігізі, менің деңгейім жоғары болды. Тарихты толық жаттап алғанмын. Тек оқу сауаттылығынан аздап қорықтым. Сөйтіп, екінші күні 1-2 сағаттық ұйқымен ҰБТ-ға бардым. Бірақ, сол күні жүрегімде ерекше тыныштық болды. Ішімде өзіме деген сенім пайда болды. Әрі Алладан дұға тілеп, барынша құлшылық жасадым. Еш қорықпай ҰБТ-ға кірдім. Телефонсыз, шпорсыз тек өзімнің миыма сенім бардым. 1 сағат ішінде тесттерді орындап шықтым. Бәрі оңай көрінді, бірақ арасында күдік туғызған сұрақтар болды. Миымды қосып, орындадым.

Тестті аяқтайтын сәт. Осы кезде паника басталады. Бісмілләмді айтып, тестті аяқтадым. 35 баллдың 35-ін жинаппын. Өзіме сене алмадым. Басым айналып, сыртқа тез шығып кеттім. Анамды көре сала тоқтамай жылап, жоғары балл жинағанымды айттым. Білесіңдер ме, сол кезде менің бір жылғы қиналғаным, шаршағаным бәрі көз жаспен шықты. Бойымда жеңілдік пайда болды. Үмітім, еңбегім ақталды. Осылайша, бірден алғашқы ҰБТ-ны жоғары баллмен тапсырып, екіншісіне бармадым. Бірақ алда мені одан да қиын мемлекеттік және шығармашылық  емтихан күтіп тұрды. 

Менің түйгенім, еңбек бәрібір ақталады. Сенің талпынысың, құлшынысың, еңбегің текке кетпейді. Сол себептен нені армандайсың, соған лайықты еңбек жаса! Сонда ғана жолың болады.heart

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели