SABAQ.ONLINE

ҰБТ-ны алғаш кімдер тапсырды?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Достар, білесіңдер ме, Қазақстанда тестілеу жүйесі алғаш рет 1992 жылы пайда болды. 1995 жылы студенттер "рубежка" тапсырып бастаса, 1999 жылы кешенді тестілеу ұғымы қалыптасты. Сөйтіп, араға жылдар салып, 2004 жылы ҰБТ тапсыру кезеңі басталды. Шамамен, ҰБТ-ны алғаш тапсырған талапкерлер 1987-1988 жылғы азаматтар. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу— Қазақстан Республикасында қолданылатын мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі.  Оқушының оқуға түсу мүмкіншілігі (грант және ақылы бөлім)  оның ҰБТ-да алған баллдардың санына байланысты болады. 

Қазақстан тарихы бойынша – 20, оқу сауаттылығы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15 және екі бейінді пән бойынша 35 тапсырма беріледі. Сұрақ саны - 120. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты 4 сағатты (240 минут) құрайды. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт сақталады.

Қазір компьютерлік тестілеу барысында әділдікті сақтау үшін мақсатында «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы қатаң сақталады. Яғни, бұрынғыдай көшіру мүмкін емес. Қатаң ескерту алып, ҰБТ тәртібін бұзған оқушылардың тетсілеу нәтижесі жойылады және тағы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылуы да мүмкін. Сондықтан, тек дайындықпен ғана жоғары балл алу болатынын ұмытпаңдар!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді