SABAQ.ONLINE

ҰБТ тапсырудан қорқамын

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Фобиняың түр-түрі бар, бірақ соның ішінде тестофобия адамдардың 95 пайызында  кездеседі екен. Аты айтып тұрғандай, бұл емтихан тапсырудан қорқу. Сонымен қатар, тестофобияның болуы қалыпты жағдай.

Фобияның пайда болуына көп факторлар әсер етеді. Оның ішінде, артылған үміт және ата-ана алдындағы ұят. Кей оқушылар перфекционист болады, олар емтиханды ең жоғары баллмен тапсыру керек деп есептейді. Бұл мақтауға тұрарлық, бірақ ол құмарлыққа айналмау керек. Дұрысы – қобалжымай, қолдан келгенді жасау. Сіздің ар-ұжданыңыз тыныш болуы керек, өйткені сіз барынша тырыстыңыз. Емтиханнан құлау, аз балл жинау - күнә емес.

Мұғалімнен қорқу. Кей оқушылар сабақ беретін ұстаздарынан қорқады. Ұстаздың басқалар сияқты адам екенін есте сақтаңыз, мұғаліммен тең дәрежеде қарым-қатынас жасау - өзіңді сенімді сезінудің ең жақсы тәсілі.

АҚШ-тың Бэйлор университетінің ғалымдары эксперимент жүргізіп, бір нәрсені анықтады. Дайындық кезінде жазбаларды оқып қана қоймай, оқығанын басқа біреуге айтып беретін студенттер емтиханды сәтті тапсырады. Осылайша, кейбір студенттер емтиханды әріптестеріне материалды қайталау түрінде еш дайындықсыз тапсырды, ал екіншісі – метариалды қайталаған. Екінші топтағы адамдар тікелей емтихан кезінде күтпеген жерден көптеген ұсақ-түйектерді еске түсіретін болды. Сондықтан емтиханнан бұрын тақырыптарды да  бір қайталаңыз. 

Бір нәрседен қатты қорыққанғаннан, барлық әлем өзгермейді. ҰБТ-дан қорқу керек пе? Әрине, жоқ. Қорқудың орнына дайындықты күшейт!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді