10 сағат дайындықпен де, 2 сағат дайындықпен де жоғары балл жинауға болады. Бар болғаны балансты ұста!
Көптеген оқушылар ҰБТ-ға дайындалғанда күніне 5-8 сағатын сабаққа арнайды. Бір күнде көп ақпаратты меңгеруге тырысады. Бірақ мұндай оқушыларды «выгорание» жиі кездеседеді. Сол себептен аз-аздан, бірақ үздіксіз дайындалу керек.
Сендерге мысал ретінде ҰБТ-ға дайындалып жүрген екі баланы алайық. Біріншісі - Айдос. Ол күніне 8-10 сағат дайындалады. 5-6 сағат ғана ұйықтайды. Бар ойы - тесттен құламау. Бос уақыты бола қалса лекциялар тыңдайды. Ол пробный тесттерден 120+ жинап жүрді. Өзі мәз. Еңбегі ақталып жатыр. Бірақ грант ҰБТ-да 70 балл ғана жинады. Өйткені бар жаттағаны естен шығып кетті. Өте көп ақпаратты миы қабылдай алмады. ҰБТ-ға аз уақыт қалғанда ол шаршап, стресске тап болды.
Екінші бала - Дамир. Ол күніне 2 сағатын сабаққа арнайды. 8 сағат ұйықтайды, спортпен айналысады. Бос уақытында достарымен қыдырып қайтады. Дайындықты бастағанда 70 балл жинаған. Уақыт өте келе 75, 80 балл, кейін 100-120 балл жинап жүрді. Нағыз грант ҰБТ-да 135 балл жинады. Өйткені ол аз-аздан, үздіксіз дайындалды. Стресске түспеді, өзін сенімді ұстады. Айырмашылық бар, иә?
Джеймс Клирдің "Атомдық әдеттер" кітабы бар. Ол күнделікті қолданылатын кішігірім өзгерістер де түбегейлі нәтижелерге әкелуі мүмкін деп мәлімдейді. Бұл кітап әдеттеріңізді өзгертуге ғана емес, мақсаттарыңызға жету үшін қандай өзгерістер қажет екенін түсінуге көмектесетін әдістерді ұсынады. Мысалы, сіз мақсаттарды қалай қою керектігін, күніңізді қалай ұйымдастыруға болатындығын, стрессті қалай жеңетінін үйретеді. Сондықтан уақыт болса, осы кітапты оқып шығыңдар.
Есте сақтаңдар: бір күн күшті дайындалдым деп бірден +10 балл қоспайсыңдар. Күнделікті дайындалу арқылы ғана жетістікке жетуге болады!