Қолданушы келісімшарты
Жалпы шарттар
1. Берілген сайт осы сайттың құқық иесі болып табылатын «Sabaq.online» ЖШС компаниясымен басқарылады. Біздің пошталық мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Cұлтан қ., Қажымұқан көшесі, 12.
2. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, электронды поштамызға хат жолдаңыз: support@Sabaq.online немесе +77005270106 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.
3. «Sabaq.online» білім беру платформасы» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама) (алда мәтін бойынша – Sabaq.online) сайтына кіру немесе басқа да пайдалану жолдары, оның контентіне (қолжетімділікке) ие болу берілген шарттарға келісім беріп, оларды қабылдайтынын білдіреді. Берілген Пайдалану шарттарымен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз.
4. Білім беру платформасы құрамында Sabaq.online-пен алдын ала танысуға арналған тегін материалдар барын және сайттың ақылы қолжетімділігіне ие болып, нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретінін хабарлаймыз.
5. Sabaq.online-ке жазылым төлемі және бұл Қызмет төлемі қайтарылмайды.
6. Құқық иесі Sabaq.online көрсетілетін Қызмет түрінің сапасын арттыру мақсатында пайдаланушыға алдын ала хабарламай, кез келген контентті өшіру, өзгерту, толықтыру немесе орын ауыстыру құқығын өзінде сақтайды.
7. Одан бөлек, Құқық иесі Sabaq.online пайдаланушыдан қазіргі уақытта немесе кез келген басқа уақытта тегін болатын немесе тегін болған белгілі бір контент үшін төлем алу құқығын өзінде сақтайды.
Құпиялық саясат
1. Пайдалану шарттарының ажырамас бөлігі саналатын Құпиялық саясатпен танысып шығуыңызды сұраймыз. Берілген Саясат Sabaq.online пен Пайдаланушы арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіреді. Сондай-ақ контентті қолдану, оның ішінде бағдарламалық жасақтама (жүктелген, жүктелмеген), технология, пайдаланушы интерфейстері, форумдар, чаттар, профильдер, виджеттер, хабарламалар, сілтемелер, электронды пошталар, кестелер, мәтіндер, суреттер, видео, кодтар, дыбыстар, әуендер, ойындар, Sabaq.online сайтында бар барлық аудиовизуалды немесе өзге материал, оған қоса, сайттың дизайні мен сырт келбеті, жетекші ақпарат пен құжаттамалар (алда мәтін бойынша – Контент).
2. Sabaq.online сайтындағы барлық Контент заңды негізде жарияланған. Sabaq.online сайтына кіріп немесе сайт ұсынған контентті пайдалану арқылы Сіз біздің Құпиялық саясатпен келісіп, Sabaq.online-ке тіркелу барысында қалдырған жеке деректеріңізді жинауға және өңдеуге келісім бересіз.
3. Қазіргі Құпиялық саясат сіздің онлайн режимде деректерді жинау, сақтау және оларды Sabaq.online сайтында пайдалануға қатысты тәсілдемеңізді түсіндіреді. Берілген Құпиялық саясатты мұқият оқып шығыңыз. Сіз бұл сайтты пайдалану арқылы Құпиялық саясатқа келісім бересіз.
4. Бұл құжатта берілген сайттың оқырмандары мен жазылушылары («Пайдаланушылар» немесе «Сіз» деп аталған) жайлы қандай ақпарат жинайтынымыз сипатталады.
5. Қазіргі Құпиялық саясат біз бақыламайтын, иелік етпейтін және басқармайтын үшінші бір тараптардың немесе сілтемелер сайттарының ақпаратты жинауын немесе пайдалануын қамтымайды.
6. Біздің сайт оқырмандарының құпиялығы біз үшін өте маңызды. Біз ҚР заңнамасында бекітілген мақсаттар мен принциптерді ұстанамыз.
7. Біз өз технологияларымызды әзірлей әрі реттей отырып, Пайдаланушыларымыздың ақпаратын және құпиялығын қорғап, қызметтер ұсынамыз. Қазіргі Құпиялық саясат ақпарат түрлерін белгілейді.
8. Осы Құпиялық саясат Пайдаланушылар аталған сайтты, технологиялар мен қызметтерді пайдаланғанда біз жинайтын ақпарат түрлерін белгілейді және руқсат етілмеген пайдаланудан қорғану аясында жасалатын кейбір қадамдарымызды айқындайды.
9. «Пайдаланушы туралы ақпарат» Сізді танып анықтайтын ақпаратты, атап айтқанда, электронды поштаңыз, есіміңіз бен мекенжайыңыз жайлы ақпаратты білдіреді; «Анонимді ақпарат» белгілі бір пайдаланушыларды танып анықтауға мүмкіндік бермейтін ақпаратты білдіреді
10. Деректер жинау
10.1. Sabaq.online берілген сайтқа кіріп оқитын пайдаланушылар жайлы ақпарат жинауды әрдайым өткізбейді. Сайттың әр оқырманы бірегей нөмірге ие болуы үшін біз браузердегі «cookies» деп аталатын стандартты функцияны қолдана аламыз. Сookies бізге Пайдаланушылар оқитын сайт беттерін бақылауға, сондай-ақ статистикалық мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы жайлы ақпарат Пайдаланушыларға дербестендірілген қызметтерді ұсынуға, сондай-ақ олардың сапасын арттыруға көмектеседі. Алдағы уақытта cookies-ті Пайдалану шарттарын бұзатын алаяқтық және аккаунттарды тегін немесе басқа мақсатта пайдаланудың әлеуетті жағдайларын бақылау үшін қолдана аламыз. Сookies-ті қабылдау не қабылдамауды Сіз таңдайсыз; Браузеріңіздегі cookies-тің барлық файлдарынан немесе Sabaq.online-тің cookies-інен бас тартып, теңшей аласыз. Алайда, егер cookies-тен бас тартып немесе оны жоятын болсаңыз, бұл кейбір функционалды мүмкіндіктерді шектеуі мүмкін.
10.2. Пайдаланушылар жайлы ақпарат Сіздің рұқсатыңызсыз қызметтерді қолдануға қатысы жоқ кез келген мақсатта қолданылмайды.
10.3. Sabaq.online Сіздің қолданған браузеріңіз, операциялық жүйе немесе техникалық деректеріңіз жайлы жиналған ақпаратты қызметтеріміздің сапасын арттыру мақсатында пайдалана алады.
10.4. Sabaq.online сайт оқырмандары мен Пайдаланушылары жайлы Анонимді (иесізденген) ақпаратты өзі пайдалануға және үшінші тараптарға, сонымен қатар серіктестері мен жарнама берушілерге ашып беру құқығын өзінде қалдырады. Соған байланысты Анонимді ақпаратты ашып беру ісі іздеу критерилері жайлы ақпаратты және әлеуметтік-демографиялық деректерді таңдамалы жүйе бойынша ашып беруді қамтиды, егер ол пайдаланушы жайлы ақпаратты ашпайтын болса. Мұндай амалдар Sabaq.online Пайдаланушысы немесе сайт оқырманына зиян келу қаупі бар жағдайда іске аспайды.
11. Метадеректер пайдалану
11.1. Sabaq.online Құпиялық саясатына сәйкес, пайдаланушыларға арналған қызметтеріміздің сапасын жоғарылату мақсатында метадеректерді, атап айтқанда (келесілерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді) әзірленген кілт сөздер, іздеу тарихы, сілтемелер, пікірлер, хабарлама мен сайтқа кіру жәйттері секілді метадеректерді пайдалана алады.
11.2. Sabaq.online жиналған бұл ақпаратты жарнамалық және демеушілерді тарту мақсаттарында пайдалана алады. Алайда мұндағы іздеу тарихы үшінші тарапқа тек аноним қалпында беріледі (демек Анонимді ақпарат есебінде) және пайдаланушы жайлы ақпарат ашылмайды.
12. Қауіпсіздік ережесі
12.1. Пайдаланушы біздің тіркелу формасын толтыру кезінде құпия ақпарат енгізетін болса (мысалы, кредиттік картаның нөмірі), онда біз бұл ақпаратты электронды коммерцияның жалпы шифр техникасы көмегімен шифрлаймыз. Бізге берілген жеке ақпаратты қорғау барысында, берілу кезінде де, өңделу кезінде жалпыға ортақ қабылданған стандарттарды қолданамыз.
12.2. Пайдаланушылардың деректерін тек қызмет көрсету немесе жаңарту мақсатында ғана қолданамыз; біз бұл деректерді үшінші тарапқа сатпаймыз немесе лицензияламаймыз.
13. Ақпараттық бюллетендер мен хабарландырулар
13.1. Егер Пайдаланушы біздің таратылымға жазылуды қаласа, біз оның есімі мен электронды поштасын оған хат тарату мақсатында қолданамыз. Құпиялыққа құрмет ретінде біз оңай жолы таратылымнан жалтаруды (бас тартуды) ұсынамыз. Біз Пайдаланушыларға қызметтерге қатысты сирек жағдайларда хабарландыру таратамыз. Мысалы, егер біздің қызмет техникалық себептерге байланысты уақытша қолжетімсіз болса, біз ақпараттық хат тарата аламыз.
14. Ақпаратты заңды түрде жариялау
14.1. Біз заң талап ететін болса, хабарлау арқылы Сіздің Жеке ақпаратыңызды ашу құқығын өзімізде қалдырамыз. Немесе Сот актісіне немесе ҚР заңдарына сәйкес, біз мұндай ақпарат ашулар пайдаланушыларымызды, құқықтарымызды қорғау мақсатында қажет есептейміз.
15. Юрисдикция
15.1. Бұл сайт Қазақстан Республикасында жарияланған. Тараптар арасындағы барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
16. Құпиялық саясаттағы өзгерістер мен толықтырулар
16.1. Біз әрқашан ең үздік өнім мен қызметтер ұсынуға ұмтыламыз. Ғаламтор жүйрік және әрдайым өзгеріп отыратын медиа құрал болғандықтан және жаңа өнімдер мен қызметтердің өндірісі боп жатқандықтан, демек қазіргі Құпиялық саясатта да өзгертулер мен толықтырулар орын алуы мүмкін. Біз осы Құпиялық саясатты кез келген уақытта өзгерту құқығын өзімізде қалдырамыз. Біз өзгертулердің көбісі болмашы (азғантай) болады деп күтеміз, алайда кері жағдайлар да орын алуы мүмкін. Сайтқа кіргенде әрқашан саясатқа өзгерген-өзгермегенін тексеруге кеңес береміз. Sabaq.online сайтында өзгерген құпиялық саясаттың жариялануы өзгерген шарттардан сипат алады. Алдағы уақыттағы Sabaq.online сайтын және/немесе контентті қолдануыңыз шарттардағы өзгерістерді қабылдағаныңызды білдіреді. Егер Сіз өзгерген саясатпен келіспесеңіз, контент пен Sabaq.online сайтын қолданудан қалыс қалыңыз.
Sabaq.online сайтына қол жеткізу
1. Sabaq.online Сізге жеке өзіңіз пайдалануыңызға арналған шектелген ерекше емес, басқа тарапқа беруге болмайтын, қайтарып алынуы мүмкін Sabaq.online сайтына кіру рұқсатын береді, бірақ сайттың құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз оны жүктеуге (сайт беттерін қарау үшін керектісінен басқасын) немесе сайт не оның бір бөлігі деректерін өзгертуге жол берілмейді. Sabaq.online «Жүктеу» батырмасы арқылы жүзеге асатын жүктеуге арналған Контенттің шектеулі түрлерін қамтамасыз етеді, ол айырықша емес құқықтарға негізделген және таратуға, мазмұнды көшіріп алуға мүмкіндік бермейді.
2. Жүктелген/қондырылған контентті Sabaq.online құқық иесінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.
3. Аталған қолжетімділік Sabaq.online сайтын қайта сату немесе оның Контентін қайта сату не коммерциялық сипатта пайдалану құқығын бермейді. Sabaq.online сайтының құқық иесінің жазбаша келісімінсіз сайттың контентін және сайтқа кіру мүмкіндігін қайта өндіріп шығаруға, таратуға, көшірмесін жасауға, қайта жариялауға, декомпиляциялауға, сатуға, қайта сатуға немесе басқа мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.
4. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, егер Sabaq.online сайтының қандай да бір бетінде Контентті басып шығаруға мүмкіндік беретін батырма көрініс тапса, Сіз тек жеке өзіңіздің пайдалануыңызға және коммерциялық сипаттағы тарату құқығынсыз білім беру мақсаттарында аталған бетті басып шығара аласыз.
5. Пайдаланушы Sabaq.online сайтының құқық иесінің жазбаша келісімінсіз саудалық марканы, логотипті немесе басқа да жекеменшік ақпаратты (оның ішінде бейнелер, мәтін, беттердің компоновкасы және басқа да ақпаратты) жасап шығаруға немесе пайдалануға құқылы емес. Сіздің Sabaq.online сайтын рұқсатсыз кез келген жағдайда пайдаланғаныңыз сайтқа кіру мүмкіндігін автоматты түрде жоққа шығарады. Егер Сіз осы Шарттарды бұзсаңыз немесе құқық иесінде Сіздің соларды (Шарттарды) бұзып отырғаныңыз жайында жеткілікті негіздемесі бар болса, біз алдын ала ескертпей Сіздің сайтқа кіру мүмкіндігіңізді тоқтатып қоюға және/немесе жоюға құқылымыз.
6. Сіз бізге зиянды бағдарламаларды (вирустар, трояндық бағдарламаларды т.б.) немесе басқа да зиянды бағдарламалық жасақтамаларды, саяси хабарларды, намысқа тиетін, тіл тигізетін ақпарат пен хабарламаларды, жаппай таратылатын хаттар мен «спам»-ның өзге де түрлерін жібермейтіңізбен келісесіз.
7. Сіз заңсыз немесе рұқсат алынбаған жағдайда біздің компьютерлік жүйемізге, жүйелік құпия ақпаратқа, өзге пайдаланушылар жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуге әрекет етпейтіңізбен келісесіз.
8. Сіз электрондық жалған және/немесе IP мекенжайын қолдануға, басқа бір адам не ұйымның атын бүркенуге, өзге пайдаланушының не тұлғаның атын жамылып қандай да бір әрекет жасауға бара алмайсыз.
9. Сайт әрдайым қолжетімді болмауы да мүмкін екеніне назарыңызды аударамыз. Жүйелі түрде болып тұратын техникалық қамсыздандыру, апаттың алдын алу қызметтері немесе басқа да техникалық себептермен сайт арасына уақыт салып қолжетімді болмай тұрады. Бағдарламалық өзге де қызметтер сияқты, сайтта қателік болмайды деп айта алмаймыз. Алайда біз қателіктерді уақытылы анықтап, оларды жөндеу бағытында барлық шаралар қолданамыз.
Пайдаланушының аккаунты
1. Sabaq.online контентін пайдалануға қол жеткізу үшін тіркелу қажет. Sabaq.online сайтында тіркелу арқылы Сіз өз жеке басыңызға қатысты деректерді Sabaq.online білім беру платформасының Шарттары аясында пайдалануға өз келісіміңізді бересіз.
2. Пайдаланушының Sabaq.online сайтына берген жеке ақпараты Пайдаланушыға қарсы немесе нұқсан келтіретіндей қолданыла алмайды.
3. Sabaq.online білім беру платформасында Пайдаланушылар арасында хабарламалармен алмасып тұру мүмкіндігі бар. Хат алысу кезінде этика нормаларын бұзуға, балағат сөздер қолдануға, адам намысына тиюге, ар-ожданына нұқсан келтіруге, ұлтаралық, дінаралық және басқа да араздық түрлерін қоздыруға жол берілмейді. Аталған нормаларды бұзғандық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жаза қарастыратынын ескертеміз.
4. Sabaq.online Пайдаланушылары арасындағы жеке хат алысу кезінде өзге Пайдаланушылар тарапынан әдеп мен этика нормаларының сақталуы үшін платформа қызметкерлері жауапкершілік көтермейді.
5. Осымен қатар платформа қызметкерлері қажет болған жағдайда білім беру платформасы Пайдаланушыларының хат алысуы мен жіберген хабарларын модератор ретінде өңдеуге құқылы.
6. Sabaq.online сайтында ашық/еркін қолжетімділік негізіндегі тегін Контент бар, алайда толық/бүкіл Контентке қол жеткізу үшін Сіз тіркелуге және/немесе ақы төлеуге тиіс боласыз.
7. Контентті пайдалану үшін тіркелгіңіз келсе, Сіз пайдаланудың осы Шарттарын ұстануыңыз керек.
8. Сіз өз аккауынтыңыз бен құпиясөздің құпиялығы үшін жауап бересіз, сондай-ақ Сіздің аккауынтыңыз бен құпиясөзіңіз аясында болып жатқан барлық әрекеттер үшін жауапкершілікті өзіңізге жүктейтініңізбен келісесіз.
9. Біздің білім беру платформасында тіркеуден өткенде Пайдаланушы тіркелу кезінде хабарланатын деректердің барлығы шын екеніне кепілдік береді.
10. Пайдаланушы Sabaq.online сайтында өз баласын тіркеген кезде аталған оқыту ресурсы балалар үшін білім беру контентін жасап шығару мен сатумен айналысатын ресурс екенін түсінеді.
11. Sabaq.online кредиттік қарталар немесе рұқсат етілген басқа да төлем әдістерін заңды негізде қолдана алатын ересектерге өз қызметтерін сатуға заңды құқығын өзінде қалдырады.
12. 18 жасқа толмаған болсаңыз, Sabaq.online сайтын тек ата-анаңыз немесе ресми қамқоршыңыздың рұқсатымен ғана пайдалана аласыз.
13. Sabaq.online өз қарауынша Қызметтерді көрсетуден бас тартуға, аккаунттарды жоюға немесе тапсырыстардың күшін жоюға құқылы. Sabaq.online, айталық, алаяқтықты болдырмау мақсатында тіркеуден бас тартуға құқылы.
Зияткерлік меншік
1. Осы Шарттардың пайдалану жөніндегі баптарына сәйкес, құқық иелерінің келісімі негізінде серіктестердің сайтта орналастырған кейбір контентін санамағанда, Sabaq.online және оның Контенті «Sabaq.online» ЖШС меншігі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық конвенцияларға сәйкес, Sabaq.online және оның Контенті «Sabaq.online» ЖШС авторлық құқықтарының және саудалық маркасы мен зияткерлік меншік құқығының нысаны болып табылады.
2. Sabaq.online сайтында пайдаланылатын өнімдердің барлығы, бренд, компания атауы мен логотиптер тіркелген саудалық маркалар немесе тіркелген саудалық белгілер болып табылады. «Sabaq.online» ЖШС берген жазбаша келісімін алмай Sabaq.online сайтында пайдаланылатын өнімдерді, брендтер, компания атауы мен логотиптерді қандай жағдайда болмасын пайдалануға қатаң тыйым салынған. Бұдан басқа, «Sabaq.online» ЖШС сайтының сыртқы түр-пішіні, оның ішінде беттердің айдарлары, белгішелері, мәтіндері фирмалық белгі, саудалық марка болып табылады және «Sabaq.online» ЖШС жазбаша рұқсатынсыз оларды көшіруге, еліктеме үлгісін жасауға, жартылай не толықтай пайдалануға тыйым салынады.
Авторлық құқықтардың сақталуы
1. Sabaq.online осы ресурстағы платформалар мен контентті жасап шығарғандардың авторлық құқықтарын сақтайды.
2. Егер Sabaq.online сайтындағы қандай да бір материал Сіз иелік ететін немесе бақылауыңыз астындағы авторлық құқықтарды бұзып отыр деп санасаңыз, өтінеміз, келесідей мекенжай бойынша бізге хабар беріңіз: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Cұлтан қ., Қажымұқан көшесі, 12. Электронды пошта: support@Sabaq.online.
Аккаунтты жою
1. Сіз Sabaq.online сайтын өзіңіз қалаған кез келген уақытта қолдануды тоқтата аласыз.
2. Sabaq.online Пайдалану шарттарына сәйкес, пайдаланушының келісімінсіз, алдын ала хабарландырусыз кез келген пайдаланушы аккаунтын жоюға немесе контентке уақытша қолжетімділікті тоқтату құқығын өзінде сақтайды.
3. Егер аккаунтыңыз жойылса, демек Sabaq.online сайтын қолдану құқығынан да айырыласыз.
Юрисдикция және дауларды шешу
1. Sabaq.online порталын қолдана отырып, Сіз пайдаланушылар мен Sabaq.online-тің арасындағы құқықтың қарым-қатынас Қазақстан Республикасының заңнамасымен және қазіргі Пайдаланушы шарттарымен реттелетіндігімен келісесіз.
2. Сіз Пайдалану шарттарында өзгеріс пен толықтырулардың бар-жоғын мерзімді түрде тексеріп отыруға келісесіз.
3. Біз қазіргі Пайдалану шарттарына кез келген уақытта өзгерту енгізу құқығын өзімізде сақтаймыз.
4. Алдағы уақыттағы Sabaq.online сайтын және/немесе контентті қолдануыңыз шарттардағы өзгерістерді қабылдағаныңызды білдіреді. Егер Сіз өзгерген саясатпен келіспесеңіз, контент пен Sabaq.online сайтын қолданудан қалыс қалыңыз.
5. Біз осы Шарттар аясындағы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасы аясындағы бізге жүктелген міндететтемелерді бұзбаған жағдайда, Сіздің тарапыңыз ұшыраған қандай да бір залал мен шығынға жауапты емеспіз және оған қатысты өтемақы төлемейміз.
Sabaq.online-ті коммерциялық пайдалану
1. Sabaq.online-ті және контентті коммерциялық пайдалануға қатысты туындаған барлық сұрақтарыңыз бойынша құқық иесі «Sabaq.online» ЖШС хабарласыңыз. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Cұлтан қ., Қажымұқан көшесі, 12. Электронды пошта: support@Sabaq.online
Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді