SABAQ.ONLINE
Кері оралу
Список задач
Список задач
Орындалған тапсырмалар
0 / 20
Тапсырма 49355
Кіріспе сабақ. Мәтін
№ 3

Бегемот, гиппопотам, сусиыр (лат. Hippopotamusamphibius) ұзындығы 35 – 50 см, салмағы 2,6 – 3,2 т (кейде 4,5 т). Тіршілігінің көбін суда өткізеді, кейде судың таяз жеріне, жағасына шығады. Тері бездері қызғылт түсті шырыш бөліп шығарады, сондықтан денесі жез түсті болып келеді. Қырық – елу жылдай өмір сүреді, топтанып жүреді. Ергежейлі бегемоттың дене тұрқы 1,70 – 1,85 м, құйрығының ұзындығы 70 – 80 см, салмағы 250 – 275 кг. Ол жеке де, топтанып та жүреді, отыз бес жылдай өмір сүреді. Бегемот жағасы батпақ, қалың шөп өскен тұйық көлдерді мекендейді. Жақсы жүзеді, сүңгиді. Өсімдік тамыры мен түйнегін қорек етеді. Қорегін түнде іздейді. Еті, терісі, майы үшін көп ауланған. Ергежейлі бегемот санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Кәдімгі бегемот немесе гиппопотам Қазақстанда хайуанаттар бағында бағылады. 1— жұп тұяқтылар отрядына, бегемоттар тұқымдасына жататын, күйіс қайырмайтын ірі жануар. Денесінің ұзындығы —4,5 м, салмағы — 2000—3000 кг, бойы — 1,5 м келеді. Терісі—қалың, түгі тақыр болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Қорегі — тек су өсімдігі. Топтанып жүреді. Бегемот тек тропиктік Африкада кездеседі.

 

3. Бегемоттың батпақты суларды мекендеуінің себебі  

Тапсырма үшін 5 XP
Жауап беру
Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді