SABAQ.ONLINE
Кері оралу
Список задач
Список задач
Орындалған тапсырмалар
0 / 20
Тапсырма 9588
№1 сабақ
№ 13

4-мәтін

1. Он жеті жасқа қараған кезде Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы әмір сарайына шақырылды, Нух ибн Мансұр ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарып, әмірдің жеке дәрігері болып сайланады. Сөйтіп Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхананы пайдалануға рұқсат алды. Мүмкін дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін. 900-ші жылдардың соңында Бұхара соңғы тыныш күндерін бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түрік көшпелі тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті... 1002 жылы әкесі қайтыс болған соң, Ибн Сина Хорезмнің астанасы Гурганджыға (қазір Үргеніш) көшіп келеді. Жергілікті басқарушы шах сарайындағы Мамун Академиясына пікір таластыру үшін келген ғалымдарға қолдау көрсетті. Ибн Синаның соңынан Хорезмге Бируни мен Масихи келді. Біраз жыл ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік алды.

2. Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушы Хорезмнің бай жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдардан оның астанасына қоныс аударуын талап етті. Ибн Сина мен дәрігер Масихи сұлтанға барудан бас тартып, түнде Қарақұм арқылы қашып кетеді. Аңыз бойынша үшінші күн жол жүріп келе жатқанда, дауылға тап болып, адасып, сусыз және тамақсыз қалған. Масихи шөл далада жантәсілім етеді. Ибн Сина әзер дегенде аман қалады. Сұлтан Махмуд Газневи барлық қалаларға Ибн Синаның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болады.

3. Сол кезден бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларын аралаумен етті. Ғалым Хамада және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы әмірлердің сарай дәрігері болды. Ибн Сина басынан қиын жағдайлар өтеді. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Сол кезеңдерде ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды.

4. Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болады.

5. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, кұпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша «Китабуль-Канун фит-тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) басты еңбегін жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі»Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және орта азиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ, Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңалық болып енгізілді.

6. Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметгерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіруге болатын. Ибн Сина ауа және су арқылы тарайтын көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты. 800 жыл өткеннен соң француз ғалымы Пастер қоздырушы микроб туралы ғалымның бұл болжамын дәлелдеді.

Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырып

 

Тапсырма үшін 5 XP
Жауап беру
Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді