1937 жылы Оңтүстіктегі бірінші ашылған екі жылдық мұғалімдер институты.
1954 жылы Шымкент педагогикалық институты болып қайта құрылды. 1993
жылы Шымкент педагогикалық институты ҚР үкіметінің қаулысымен Түркістан
қаласында жаңадан ашылған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің құрамына кірді. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы
№722 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
қайта ашылды. Педагогикалық институт оңтүстік өңіріндегі ең алғашқы жоғары
оқу орны болды. Осы уақыт аралығында еліміздің сол кезеңдегі маңдай алды
алғашқы зиялылары, ғалым ұстаздары еңбек еткен қасиетті де киелі қара шаңырақ
тек облыс көлемінде ғана емес, республикамыздың басқа да аймақтары үшін
мыңдаған білікті маман педагогтарды даярлап шығарды.
Компанияның жазбаша келісімінсіз «Sabaq.online» контентін рұқсатсыз (кез келген мақсатта) қолдануға, толық не жартылай көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.
Контент құқығы «Sabaq.online» ЖШС компаниясына тиесілі. Барлық құқық қорғалған. Авторлық құқықты кез келген жолмен бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.